О внесении изменений в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району"

Решение Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 4 июня 2019 года № 51-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 7 июня 2019 года № 4259. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 25 декабря 2020 года № 80-5

      Сноска. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 25.12.2020 № 80-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Кордайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кордайского районного маслихата от 26 марта 2018 года № 29-9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3787, опубликовано 26 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району, утвержденных данным решением:

      подпункт 3) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3) к 9 мая – День Победы:

      3.1. участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 300 000 (триста тысяч) тенге;

      3.2. гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3.3. бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      3.4. женам (мужьям) умерших инвалидов войны и приравненных к ним инвалидов, а также женам (мужьям) умерших участников войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3.5. лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3.6. лицам проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3.7. родителям, супруге (супругу), не вступившим в повторный брак в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;".

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики, финансов, бюджета, развития местного самоуправления, индустриально-инновационного развития, развития региона, транспорта и связи, малого и среднего бизнеса и на руководителя коммунального государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимат Кордайского района Жамбылской области" А. Заурбаеву (по согласованию).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата Д. Коновалов
      Секретарь районного
      маслихата Р. Нұрсипатов

"Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 51-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 маусымда № 4259 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 80-5 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 26 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      7 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) 9 мамырға – Жеңіс күні:

      3.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3.2. қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3.3. екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3.4. қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.6. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға (әскери қызмет өткергендерге) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.7. қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбына (жұбайына) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі;".

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына және "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Заурбаеваға (келісімі бойынша) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д. Коновалов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Р. Нұрсипатов