Қордай ауданы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 3787 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 80-5 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Қордай аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрайымы мәслихаттың хатшысы
      Т. Апаева Р. Нурсипатов

  Қордай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 26 наурыздағы
№ 29-9 шешімімен бекітілген

Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағида негізінде көрсетілетін әлеуметік көмек түрлері Қордай ауданының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қордай ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Қордай аудандық бөлімшесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігінің бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Атаулы күндер мен мерекелік күндеріне бір жолғы әлеуметтік көмек:

      1) 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:

      1.1. Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1.2. Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар – ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларынан 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1.3. 1979 жылдың 1 желтоқсан мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) 26 сәуірге – Чернобыль атом электростанциясындағы апат болған күн:

      2.1. 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2.2. 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) 9 мамырға – Жеңіс күні:

      3.1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      3.2. қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      3.3. екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      3.4. қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.5. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.6. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға (әскери қызмет өткергендерге) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3.7. қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайыбына (жұбайына) 50 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі;

      4) 29 тамызға – Семей полигонының жабылған күні:

      4.1. Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 7 – тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 22.04.2020 № 66-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 25.06.2020 № 68-4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 5 еселік мөлшерінен аспайтын азаматтарға:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      1.1. әлеуметтік мәні бар аурулармен ауруына шалдыққан азаматтарға дәрі-дәрмек құралдарын сатып-алуға және медициналық қызметтерді жедел алу үшін қаражат қажеттілігін жоюға байланысты 25 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі;

      1.2. бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандығы және пробация қызметінің есебінде тұрғандығы туралы анықтамалары негізінде өмірге қажетті мәселелерді шешу үшін 15 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі;

      1.3. табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне (жеке тұрғын үйіне) зиян келтірілген жағдайда арнайы комиссияның қорытындысы негізінде 200 айлық есептік көрсеткіш шегіне дейін көрсетіледі.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне (жеке тұрғын үйіне) зиян келтірілген сәттен бастап мұқтаж азаматтар төрт ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді;

      2) мерзімді әлеуметтік көмек:

      2.1. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізіміне сәйкес, әлеуметтік мәні бар - туберкулез ауруы бойынша амбулаториялық емдеу кезеңінде емін жалғастырып жатқан азаматтарға ай сайын 1 (бір) күнкөріс деңгейі мөлшерінде көрсетілсін.

      2.2. "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізіміне сәйкес АИТВ-инфекциясы бар балаларға ай сайын 2 (екі) күнкөріс деңгейі (республикалық деңгейде) мөлшерінде көрсетілсін.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 30.03.2020 № 65-6 (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.04.2020 № 66-3 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Өтініші бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.

      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      21. Алып тасталды- Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 05.04.2019 № 48-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Қордай ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Қордай ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Қордай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 26 наурыздағы
№ 29-9 шешіміне қосымша

Қордай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

      1. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2015 жылы 18 сәуірде аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);

      2. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурыздағы №53-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3004 болып тіркелген, 2016 жылы 2 сәуірде аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған);

      3. "Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 39-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі №14-12 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3413 болып тіркелген, 2017 жылы 3 мамырда аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады