Об утверждении Правил приема на обучение в организации образования города Шахтинска, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования

Постановление акимата города Шахтинска Карагандинской области от 11 ноября 2019 года № 46/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 15 ноября 2019 года № 5527. Утратило силу постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 1 октября 2021 года № 52/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 01.10.2021 № 52/01 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 июля 2007 года "Об образовании", акимат города Шахтинска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила приема на обучение в организации образования города Шахтинска, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Шахтинска Тлеубергенова К. К.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким города С. Аймаков

  Утверждены
постановлением
акимата города Шахтинска
от "____" ________ 2019 года
№ ______

Правила приема на обучение в организации образования города Шахтинска, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила приема на обучение в организации образования города Шахтинска, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" (далее – Закон) и определяют порядок приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, (далее – организации образования) независимо от форм их собственности и ведомственной подчиненности.

      2. Организации образования осуществляют прием на обучение в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Законом, настоящими Правилами, иными нормативными правовыми актами, а также разработанными на их основе уставами организаций образования.

      3. Зачисление в число обучающихся производится на основании приказа руководителя организации образования.

      4. Не допускается комплектование классов по уровню подготовки и степени развития обучающихся.

      5. При приеме обучающихся в организации образования руководители организаций образования заключают с родителями или иными законными представителями детей или обучающихся договора на оказание образовательных услуг в соответствии с типовым договором оказания образовательных услуг, утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 93, (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13227).

      6. Прием на обучение в организации образования детей с особыми образовательными потребностями осуществляется с учетом заключения педагого-медико-психологической консультации при согласии родителей или иных законных представителей ребенка.

      7. Родители или иные законные представители ребенка или обучающегося выбирают организации образования с учетом желания, индивидуальных склонностей и особенностей ребенка или обучающегося.

      8. В случае отказа в приеме на обучение в организацию образования, родители или иные законные представители обучающегося обращаются по месту жительства в местные органы управления образованием.

Глава 2. Порядок приема на обучение в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования

      9. Организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального образования, обеспечивают прием в первый класс детей шести лет и детей, которым в текущем календарном году исполняется шесть лет, с обеспечением доступа всех детей, проживающих на территории обслуживания организации образования, независимо от уровня подготовки.

      Для приема детей в первый класс необходимы следующие документы:

      1) заявление (в произвольной форме) от родителей или иных законных представителей ребенка;

      2) копия свидетельства о рождении ребенка;

      3) документ о состоянии здоровья по форме 026/у-3, утвержденный приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 июня 2003 года № 469 "Об утверждении Инструкции по заполнению и ведению учетной формы 026/у-3 "Паспорта здоровья ребенка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2423);

      4) документ о состоянии здоровья по форме 063/у, утвержденный приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);

      5) фотографии размером 3х4 в количестве двух штук.

      Прием документов, указанных в настоящем пункте, от родителей или иных законных представителей детей, поступающих в первый класс организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального образования, производится с 1 июня по 30 августа текущего календарного года.

      10. При приеме детей в первый класс организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального образования, кроме специализированных организаций образования, гимназий и лицеев, экзамены, тестирование, зачеты, конкурсы не проводятся.

      Для детей, не посещавших дошкольные учреждения или не прошедших предшкольную подготовку, организациями образования организуются подготовительные курсы до начала учебного года.

      11. Прием обучающихся во вторые, третьи, четвертые, пятые, шестые, седьмые, восьмые, девятые классы организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального и основного среднего образования, осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования.

      12. Прием обучающихся в десятые, одиннадцатые классы организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы общего среднего образования, осуществляется с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования, и на основании личного заявления обучающихся либо заявления их родителей или иных законных представителей, а также наличия документа государственного образца об основном среднем образовании.

      Прием заявлений начинается после вручения документа государственного образца об основном среднем образовании.

      13. Прием обучающихся в десятые, одиннадцатые классы гимназий, лицеев осуществляется в соответствии с уставом гимназии, лицея на основании личного заявления обучающихся либо заявления их родителей или иных законных представителей и наличия документа государственного образца об основном среднем образовании без учета территории обслуживания данных видов организаций образования.

      14. Гимназии и лицеи формируют общеобразовательные классы для обеспечения получения обязательного объема знаний, определенных государственными общеобязательными стандартами образования Республики Казахстан, с обеспечением доступа обучающихся, проживающих на территории обслуживания организации образования.

      15. Зачисление, перевод из класса в класс, отчисление производится решением Совета (педсовета) гимназии и лицея по результатам успеваемости (рейтингового балла) в соответствии с Уставом гимназии, лицея.

      16. Отчисленные учащиеся продолжают образование в общеобразовательных классах гимназии, лицея или переводятся городским отделом образования в общеобразовательную школу по месту жительства.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 46/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 5527 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 52/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 01.10.2021 № 52/01 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы ______________
№____ қаулысымен
бекітілген

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 26 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығының негізінде жүргізіледі.

      4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.

      5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.

      6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      7. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының қалауын, жеке қабілетін және ерекшелігін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды.

      8. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқаратын жергілікті органдарға жүгінеді.

2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

      9. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

      Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

      1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген №026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

      5) 3 x 4 көлеміндегі фото - екі дана.

      Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

      10. Балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

      Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

      11. Білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

      12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушылардың қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтініші не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.

      13. Білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сәйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

      14. Гимназиялар және лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады.

      15. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа көшіру, оқудан шығару оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша (рейтингілік балмен) гимназия және лицей кеңесінің (педагогикалық кеңес) шешіміне гимназия, лицей Жарғысына сәйкес жүргізіледі.

      16. Оқудан шығарылған оқушылар гимназияның, лицейдің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе қалалық білім бөлімі тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауыстырады.