Шахтинск қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 52/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қазанда № 24689 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2019 жылғы 11 қарашадағы № 46/01 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5527 тіркелген);

      2) 2019 жылғы 28 қарашадағы № 49/04 "Шахтинск қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5547 тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі А. Халтонов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады