О внесении изменений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Решение Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 27 декабря 2019 года № VI-52/440. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 января 2020 года № 5657. Утратило силу решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 16 мая 2024 года № VIII-22/165

      Сноска. Утратило силу решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 16.05.2024 № VIII-22/165 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-13-121, опубликовано в газете "Қарқаралы" от 19 мая 2012 года №39-40 (11059)) следующие изменения:

      в Правилах оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "Настоящие Правила оказания жилищной помощи (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Законом Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).";

      в пункте 1:

      подпункт 1-1) изложить в следующей редакции:

      "1-1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естесвенных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;";

      подпункт 12) изложить в следующей редакции:

      "12) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользованием жилищем, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;";

      в пункте 2:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;";

      подпункт 2) изложить в следующей редакции:

      "2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;";

      подпункт 3) исключить;

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления, сроком на один год с ежеквартальным предоставлением сведений о доходах.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь районного маслихата С. Нуркенов

Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № VI-52/440 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қаңтарда № 5657 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-13-121 тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы "Қарқаралы" № 39-40 (11059) газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:

      кiрiспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы тұрғын үй көмегін көрсету туралы Қағида (әрі қарай – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.";

      1-тармақта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;";

      2 тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;";

      3) тармақша алынып тасталсын;

      14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жылдық мерзімге тағайындалады.";

      21 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов