Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының IV сессиясының 2012 жылғы 13 cәуірдегі N 4/36 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 мамырда N 8-13-121 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Сессия төрағасы

Р. Әлин

Аудандық Мәслихат


хатшысы

С. Нүркенов

КЕЛІСІЛДІ:
"Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы

 
 
 
 
 
Б. Жұманбаев

  12 сәуір 2012 жыл
Қарқаралы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4/36
шешімімен бекiтiлген

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету туралы Қағида (әрі қарай – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 27.12.2019 N VI-52/440 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

      3) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (оның ішінде қатты отынды тұтыну), қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      4) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектілерін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;

      6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      7) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – өз атынан немесе отбасы мүшелерінің атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тұлға (әрі қарай - өтініш беруші);

      9) тұрғынжайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;

      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      11) уәкілетті орган – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      13) шот – тұрғын үй көмегін тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште не қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште өтініш берушімен ұсынылатын коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп -ұстауға шығыстар, оның ішінде кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу, байланыс қызметтер ақысын төлеу құжаты;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 15.03.2016 N 48/427 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 N VI-52/440 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) Қарқаралы ауданының тұрақты тұратын тұрғындарына жергілікті бюджеттен төленеді:

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 27.12.2019 N VI-52/440 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақша 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 21.02.2013 N 13/108 шешімімен.
      5) алынып тасталды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 24.07.2014 N 30/256 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі, қызметтерді көрсетушілердің ұсынған есептері бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 21.02.2013 N 13/108 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.07.2014 N 30/256 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 N VI-52/440 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа енгізілген толықтырулар 01.01.2014 дейін қолданыста болады - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 21.02.2013 N 13/108 шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі Қарқаралы ауданында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметіне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданы нормасының шегінде, бірақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметін, коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары нормативтерінен көп емес, осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының сегіз пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 15.03.2016 N 48/427 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Қағидалар 3-1-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Қағидалар 3-2-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерлерін айқындау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, анықтамалар) баллон газын нақты шығындар бойынша, бір айға бір отбасына 10 килограммнан аспауы тиіс;

      қатты отынды пайдалану:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм, 1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм (жылыту маусымы есебінде), бірақ үйге (пәтерге) 7 тонна көмірден артық емес;

      жылыту маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептегенде, статистика органдарының мәліметтері бойынша Қарқаралы ауданында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылсын;

      нақты шығындар бойынша, отбасының электроэнергияны тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 200 киловаттан аспауы керек;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына - 250 киловаттан аспауы керек;

      3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, газды, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетуді берушімен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төленуі тиіс. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудің түрлеріне ақы төлеу кезегі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, пәтер иелері жалпы жиналысында анықталады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы шығындарына белгіленген мөлшерден жоғары шамада ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 15.03.2016 N 48/427 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте өтелуі тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен, жеке тұлғаларға олардың тіркелген жері бойынша тағайындалады.

      8. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 21.02.2013 N 13/108 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. алынып тасталды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 21.02.2013 N 13/108 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге, бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, жалғыз тұратын азаматтар ретінде тұрғын үй көмегі беріледі.

      11. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс не болмаса негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс.

      12. Дау-жанжал туған жағдайда, немесе сәйкес келмейтін, келіспеген жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот арқылы шешіледі.

      13. Тұрғын үй көмегін аса жоғары немесе төмен сомасын тағайындауға әкеліп соқтырған, дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, көмекті тағайындау және төлеу оны тағайындау кезеңіне тоқтатылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде алынған сомалар ерікті тәртіппен, бас тартқан жағдайда – сот тәртібінде қайтаруға жатады.

4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері және кезеңділігі

      14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жылдық мерзімге тағайындалады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 27.12.2019 N VI-52/440 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі, коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, сәйкес өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.

      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

      17. Тұрғын үй көмегін алушыларға он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органдарға хабарлау қажет.

5. Тұрғын үй көмегін өтіну және есептеу тәртібі

      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 24.07.2014 N 30/256 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Қағидалар 18-1-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-2. Осы Ереженің 18-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Қағидалар 18-2-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 18-3-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Қағидалар 18-4-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Қағидалар 18-5-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 18-6-тармакпен толықтырылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 26.12.2018 № VI-37/313 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй жәрдемақысы есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.

      20. Тапсырылған құжаттардың дұрыстығына күдік туған жағдайда, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлға жөнінде керек ақпаратты сұратуға құқылы.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 15.03.2016 N 48/427 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 27.12.2019 N VI-52/440 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне іс жүзінде төленетін сомадан артпауы тиіс.

      23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды қызмет көрсетушілер электрондық тасымалдаушыда немесе жеке тұлғалар қағаз тасымалдаушыларда (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынады.

6. Тұрғын үй көмегін төлеу

      24. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот ұсынады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 15.03.2016 N 48/427 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Тұрғын үй көмегін
көрсету Қағидасына 1 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы Өтініш

      Ескерту. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының 15.03.2016 N 48/427 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады