О внесении изменения в решение Шиелийского районного маслихата от 7 ноября 2017 года №15/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 11 октября 2019 года № 44/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 октября 2019 года № 6934. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 30 июля 2020 года № 57/10

      Сноска. Утратило силу решением Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 30.07.2020 № 57/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шиелийского районного маслихата от 7 ноября 2017 года № 15/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №6045, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 7 декабря 2017 года) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденные указанным решением:

      в абзацах шестом, седьмом подпункта 3) пункта 5 слова "и единовременная материальная помощь в размере 40 месячного расчетного показателя ко дню 30 летней годовщины вывода советских войск из Афганистана -15 февраля 2019 года" исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата А.Абдуллаев
      Секретарь районного маслихата Б.Сыздык
     
      "СОГЛАСОВАНО"
Государственным
учреждением "Управление координации
занятости и социальных программ
Кызылординской области"

"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 07 қарашадағы №15/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қазандағы № 44/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қазанда № 6934 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 57/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 30.07.2020 № 57/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6045 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарындағы "және 2019 жылдың 15 ақпанында Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне 30 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде бір дүркін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ә.Абдуллаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сыздық
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесімен