О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 3 июня 2016 года № 41 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 15 марта 2019 года № 339. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 20 марта 2019 года № 8307. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 28 августа 2020 года № 511

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 28.08.2020 № 511 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 3 июня 2016 года № 41 (опубликовано 8 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6509) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;";

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятной дате и праздничному дню.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Памятной датой является День вывода советских войск из Афганистана – 15 февраля, праздничным днем является День Победы – 9 мая.";

      абзац первый пункта 7 изложить в новой редакции:

      "7. Единовременная социальная помощь оказывается следующим гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, а также отдельным категориям граждан к памятной дате и праздничному дню:";

      в подпункте 10) пункта 7 на казахском языке слово "көрсетіледі" исключить, текст на русском языке не меняется;

      пункт 7 дополнить подпунктом 11) следующего содержания:

      "11) военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик, рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за участие в обеспечении боевых действий, военнослужащим, ставшими инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик, при исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в Афганистане, где велись боевые действия, а также семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане, в размере 30 месячных расчетных показателей.";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к памятной дате и праздничному дню оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 15 февраля 2019 года.

Мәслихаттың 2016 жылғы 3 мамырдағы № 41 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 339 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 8307 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.08.2020 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 41 шешіміне (2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күнге және мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күні – 15 ақпан атаулы күн, Жеңіс күні - 9 Мамыр мереке күні болып табылады.";

      7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ атаулы күнге және мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:";

      қазақ тілінде 7-тармақтың 10) тармақшасындағы "көрсетіледі" деген сөзі алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7-тармақ мына мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Атаулы күнге және мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.