О снятии ограничительных мероприятий в селе Фурманово города Аркалыка

Решение акима села Фурманово города Аркалыка Костанайской области от 20 марта 2019 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 26 марта 2019 года № 8311

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно - санитарного инспектора государственного учреждения "Аркалыкская городская территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 19 февраля 2019 года № 01-20/186 аким села Фурманово города Аркалыка РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия по бруцеллезу крупного рогатого скота в селе Фурманово города Аркалыка Костанайской области.

      2. Признать утратившим силу решение акима села Фурманово "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Фурманово города Аркалыка" от 01 августа 2018 года № 1 (опубликовано 14 августа 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8006).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима села Фурманово города Аркалыка" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет - ресурсе акимата города Аркалыка Костанайской области после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким села Фурманово Б. Досанова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель республиканского

      государственного учреждения

      "Аркалыкское городское управление

      охраны общественного здоровья

      Департамента охраны общественного

      здоровья Костанайской области

      Комитета охраны общественного здоровья

      Министерства здравоохранения

      Республики Казахстан"

      ______________________ Б. Курганбекова

      "20" марта 2019 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Аркалыкская городская

      территориальная инспекция Комитета

      ветеринарного контроля и надзора

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан"

      ______________________ Е. Канапин

      "20" марта 2019 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел ветеринарии

      акимата города Аркалыка"

      __________________ К. Бейсенов

      "20" марта 2019 года

Арқалық қаласы Фурманов ауылында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 8311 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық инспекторының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 01-20/186 ұсынысы негізінде, Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Фурманов ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруына қойылған шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. Фурманов ауылы әкімі "Арқалық қаласы Фурманов ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 01 тамыздағы № 1 (2018 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8006 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Арқалық қаласы Фурманов ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Фурманов ауылы әкімі Б. Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау департаментінің

      Арқалық қалалық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Б. Қорғанбекова

      "20" наурыз 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринарлық бақылау және

      қадағалау комитетінің Арқалық

      қалалық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________________ Е. Канапин

      "20" наурыз 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Арқалық қаласы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ Қ. Бейсенов

      "20" наурыз 2019 жыл