Об установлении публичного сервитута акционерному обществу "Казахтелеком"

Решение акима Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области от 14 мая 2019 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 16 мая 2019 года № 8441. Утратило силу решением акима Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области от 24 августа 2021 года № 3

      Сноска. Утратило силу решением акима Карамырзинского сельского округа Карасуского района Костанайской области от 24.08.2021 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 19, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" аким Карамырзинского сельского округа Карасуского района РЕШИЛ:

      1. Установить акционерному обществу "Казахтелеком" публичный сервитут на земельный участок в целях прокладки и эксплуатации волоконно-оптической линии связи, расположенный на территории села Карамырза Карамырзинского сельского округа Карасуского района общей площадью 1,0529 гектаров.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Карамырзинского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Карамырзинского сельского округа
М. Агайдарова

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 8441 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округі әкімінің 24.08.2021 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округі Қарамырза ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,0529 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарамырза ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарамырза
ауылдық округінің әкімі
М. Агайдарова