Қарамырза ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24157 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қарамырза ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 мамырдағы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8441 болып тіркелген) № 1 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарамырза ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарамырза ауылдық округінің әкімі М. Агайдарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады