О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 14 января 2019 года № 19/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 января 2019 года № 6231

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" и подпунктом 3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений", акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел полиции города Аксу Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Аксу.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Б. Ибраев
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел полиции города Аксу
      Департамента полиции
      Павлодарской области
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан" В. Скляр
      "11" января 2019 года

  Приложение
к постановлению акимата
города Аксу
от "14" января 2019 года № 19/1

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан,
участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Аксу

      1. Виды поощрений граждан:

      1) почетная грамота акима города Аксу;

      2) благодарственное письмо акима города Аксу;

      3) денежное вознаграждение;

      4) ценный подарок.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, рассматриваются городской комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка (далее - Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции города Аксу Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее – ОП города Аксу);

      3) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      4) выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОП города Аксу за счет средств областного бюджета;

      5) поощрение граждан за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОП города Аксу.

      Размер денежного вознаграждения и стоимость ценного подарка не должны превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.

Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 19/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 6231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті Ақсу қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Ыбыраев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Павлодар облысы
      Полиция департаменті
      Ақсу қаласының полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы В. Скляр
      2019 жылғы "11" қаңтар

  Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "14" қаңтардағы
№ 19/1 қаулысына
қосымша

Ақсу қаласындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамотасы;

      2) Ақсу қаласы әкімінің Алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті Ақсу қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақсу қаласының ПБ) енгізеді;

      3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Ақсу қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Ақсу қаласының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.