Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Баянаульском районе

Постановление акимата Баянаульского района Павлодарской области от 21 января 2019 года № 18/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 23 января 2019 года № 6243

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", подпунктом 3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений", акимат Баянаульского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Баянаульском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел полиции Баянаульского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района О. Каиргельдинов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел полиции Баянаульского района
      Департамента полиции
      Павлодарской области
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан" М. Э. Мусатаев
      "21" января 2019 года

  Приложение
к постановлению акимата
Баянаульского района
от "21" января 2019 года № 18/1

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан,
участвующих в обеспечении общественного порядка в Баянаульском районе

      1. Виды поощрений граждан:

      1) почетная грамота акима Баянаульского района;

      2) благодарственное письмо акима Баянаульского района;

      3) денежное вознаграждение;

      4) ценный подарок.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка (далее - Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Баянаульского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее – ОП Баянаульского района);

      3) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      4) выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОП Баянаульского района за счет средств областного бюджета;

      5) поощрение граждан за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОП Баянаульского района.

      Размер денежного вознаграждения и стоимость ценного подарка не должны превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.

Баянауыл ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 18/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қаңтарда № 6243 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзышылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті Баянауыл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Павлодар облысының
      полиция департаменті
      Баянауыл ауданының
      полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Э. Мусатаев
      2019 жылғы "21" қаңтар

  Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "21" қаңтардағы
№ 18/1 қаулысына
қосымша

Баянауыл ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Баянауыл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

      2) Баянауыл ауданы әкімінің Алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаменті Баянауыл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Баянауыл ауданының ПБ) енгізеді;

      3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Баянауыл ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Баянауыл ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.