Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 31 января 2019 года № 23/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 4 февраля 2019 года № 6246

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" и подпунктом 3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений", акимат Железинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Железинском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Отделу полиции Железинского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района К. Кашкиров
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел полиции Железинского района
      Департамента полиции
      Павлодарской области
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан" Г. Саргулов
      "29" января 2019 года

  Приложение
к постановлению акимата
Железинского района
от "31" января 2019 года № 23/2

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан,
участвующих в обеспечении общественного порядка в Железинском районе

      1. Виды поощрений граждан:

      1) почетная грамота акима Железинского района;

      2) благодарственное письмо акима Железинского района;

      3) денежное вознаграждение;

      4) ценный подарок.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка (далее – Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Железинского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее – ОП Железинского района);

      3) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      4) выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОП Железинского района за счет средств областного бюджета;

      5) Поощрение граждан за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОП Железинского района.

      Размер денежного вознаграждения и стоимость ценного подарка не должны превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін белгілеу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 23/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 ақпанда № 6246 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Железин ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министерлігі Павлодар облысының полиция Департаменті Железин ауданының полиция бөлімі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Кашкиров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министерлігі
      Павлодар облысының
      полиция Департаменті
      Железин ауданының
      полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Сарғұлов
      2019 жылғы "29" қаңтар

  Железин ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы "31" қаңтардағы
№ 23/2 қаулысына
қосымша

Железин ауданындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Железин ауданы әкімінің Құрмет грамотасы;

      2) Железин ауданы әкімінің Алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министерлігі Павлодар облысының полиция Департаменті Железин ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Железин ауданының ПБ) енгізеді;

      3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Железин ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарды көтермелеуді Железин ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.