О внесении изменения и дополнения в решение Железинского районного маслихата от 25 апреля 2014 года № 202-5/27 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датами праздничным дням"

Решение маслихата Железинского района Павлодарской области от 29 октября 2019 года № 381/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 ноября 2019 года № 6601. Утратило силу решением Железинского районного маслихата Павлодарской области от 8 января 2021 года № 520/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Железинского районного маслихата Павлодарской области от 08.01.2021 № 520/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 10 Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Железинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Железинского районного маслихата от 25 апреля 2014 года № 202-5/27 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3779, опубликованное 7 мая 2014 года в газетах "Туған өлке", "Родные просторы") следующие изменение и дополнение:

      в пункте 1:

      тринадцатый абзац изложить в новой редакции:

      "участникам и инвалидам Великой Отечественной войны (далее - ВОВ) в размере 500000 (пятьсот тысяч) тенге;";

      дополнить абзацем следующего содержания:

      "лицам, участвовавшим в ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электростанции в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социально-экономического развития и бюджета маслихата Железинского района.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии И. Еремин
      Секретарь Железинского
      районного маслихата П. Лампартер
      "СОГЛАСОВАНО"
      Аким Павлодарской области Б. Бакауов
      "4" ноября 2019 года

Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 202-5/27 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 қазандағы № 381/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қарашада № 6601 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 202-5/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      он үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде;";

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Еремин
      Железин аудандық
      мәслихатының хатшысы П. Лампартер
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі Б. Бакауов
      2019 жылғы "4" қараша