Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 202-5/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3779 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерлері белгіленсін, атап айтқанда:

      1 қазан – Халықаралық қарттар күніне:

      ең төменгі зейнетақы және (немесе) жәрдемақы алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, атап айтқанда:

      зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, 1,2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      80 жастағы және одан үлкен жастағы азаматтарға 2,9 АЕК мөлшерінде;

      қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2,3 АЕК мөлшерінде;

      бірінші, екінші топ мүгедектеріне 2,3 АЕК мөлшерінде;

      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатындардың ішінен кәмелет жасқа толмаған төрт балалы және одан да көп балалы әйелдерге, 2,4 АЕК мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс Күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, 10 АЕК мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, 5 АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 05.11.2014 № 221-5/30 (жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.03.2015 № 273-5/34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.03.2019 № 327/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.05.2019 № 335/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2019 № 381/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Железинка аудандық мәслихатының бұрын қабылданған 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 194-5/26 шешімі алып тасталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Крутиков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      Міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "18" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады