Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарском районе

Постановление акимата Павлодарского района Павлодарской области от 10 января 2019 года № 2/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 января 2019 года № 6230

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" и с подпунктом 3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года "О профилактике правонарушений" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел полиции Павлодарского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) обеспечить проведение соответствующих мероприятий в целях реализации настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ж. Шугаев
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник государственного учреждения
      "Отдел полиции Павлодарского района
      Департамента полиции
      Павлодарской области
      Министерства внутренних дел
      Республики Казахстан" М. Рахимов
      "4" января 2019 года

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарского района
от 10 января 2019 года № 2/1

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан,
участвующих в обеспечении общественного порядка в Павлодарском районе

      1. Виды поощрений граждан:

      1) почетная грамота акима Павлодарского района;

      2) благодарственное письмо акима Павлодарского района;

      3) денежное вознаграждение;

      4) ценный подарок.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка, рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в охране общественного порядка (далее - Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Павлодарского района Департамента полиции Павлодарской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее – ОП Павлодарского района);

      3) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      4) выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится ОП Павлодарского района за счет средств областного бюджета;

      5) вручение почетной грамоты акима Павлодарского района, благодарственного письма акима Павлодарского района, денежного вознаграждения, ценного подарка гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется ОП Павлодарского района.

      Размер денежного вознаграждения и стоимость ценного подарка не должны превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.

Павлодар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 6230 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысы Полиция департаментінің Павлодар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің
      Павлодар облысы
      Полиция департаментінің
      Павлодар ауданының
      полиция бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Рахимов
      2019 жылғы "4" қаңтар

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "10" қаңтардағы
№ 2/1 қаулысына
қосымша

Павлодар ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:

      1) Павлодар ауданы әкімінің құрмет грамотасы;

      2) Павлодар ауданы әкімінің алғыс хаты;

      3) ақшалай сыйақы;

      4) құнды сыйлық.

      2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;

      2) қоғамдық тәртіпті қорғауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысы Полиция департаментінің Павлодар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Павлодар ауданының ПБ) енгізеді;

      3) Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;

      4) Павлодар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;

      5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Павлодар ауданы әкімінің құрмет грамотасын, Павлодар ауданы әкімінің алғыс хатын, ақшалай сыйақы, құнды сыйлықтар табыстауды Павлодар ауданының ПБ жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.