Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Алматы

Решение внеочередной LII сессии маслихата города Алматы VI созыва от 9 августа 2019 года № 378. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 15 августа 2019 года № 1578. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 8 июня 2022 года № 138

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 08.06.2022 № 138 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 48 "Об утверждении Типовых правил погребения и организации дела по уходу за могилами", маслихат города Алматы VI-го созыва РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Алматы.

      2. Аппарату Маслихата города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических печатных изданиях, а также в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам местного государственного управления и жилищной политики Еркинбаева Е.М.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
LII-й сессии, секретарь маслихата
города Алматы VI-го созыва
К. Казанбаев

  Утверждены
решением маслихата
города Алматы
от 9 августа 2019 года № 378

Правила погребения и организации дела по уходу за могилами
в городе Алматы Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Алматы (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1-16) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения трупов, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 138 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10646).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) погребение (похороны) – обрядовые действия по захоронению тела (останков) умершего в землю (могилу, склеп) или преданию огню (кремации) с захоронением урны с прахом (пеплом) в могилу, склеп в соответствии с волеизъявлением покойного, вероисповеданием, обычаями и традициями, не противоречащими санитарным, природоохранным, градостроительным и иным правилам и нормам;

      2) могила – место захоронения умершего или его останков;

      3) кладбище – территория, специально выделенная для захоронения умерших или их останков;

      4) администрация кладбища – физическое или юридическое лицо, осуществляющее организационно-распорядительные и административно-хозяйственные функции по содержанию и эксплуатации кладбища;

      5) органы, регистрирующие факт смерти – местные исполнительные органы, осуществляющие государственную регистрацию актов гражданского состояния.

Глава 2. Порядок погребения и организации дела по уходу за могилами

      3. Порядок отведения места для захоронения:

      Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

      4. Порядок захоронения умерших:

      Захоронение производится на территории кладбища после предъявления свидетельства о смерти администрации кладбища, выданного органами, регистрирующими факт смерти.

      Захоронения умерших производится в соответствии с обычаями и традициями, не противоречащими санитарным нормам, сводам Правил Республики Казахстан по проектированию и содержанию кладбищ СП РК 3.02-141-2014, утвержденным приказом Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсам Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 156-НҚ и настоящим Правилам.

      Каждое захоронение регистрируется в книге, которая ведется администрацией кладбища, содержащей следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство о смерти;

      фамилия, имя, отчество (при наличии), индивидуальный идентификационный номер (при наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.

      По желанию близких родственников погребение умершего (останков) рядом с ранее умершим близким родственником обеспечивается при наличии на указанном месте погребения свободного участка земли или могилы ранее умершего близкого родственника.

      Захоронение найденных тел умерших (отдельных частей тел умерших), утопленников, скоропостижно умерших вне дома, находящихся в морге после судебно-медицинского исследования, при отсутствии родственников или лиц и учреждений, которые могут взять на себя организацию похорон, возлагается на местные исполнительные органы после регистрации факта смерти.

      Захоронение производится за счет бюджетных средств на захоронение безродных.

      Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при перевозке останков из отдельных могил для перезахоронения в других местах Республики или за ее пределами.

      Эксгумация производится в порядке, предусмотренном Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан от 4 июля 2014 года.

      5. Проектирование и устройство могил:

      расстояние между участками могил составляет по длинным сторонам не менее 1 метра, а коротким – не менее 0,5 метров;

      глубина могилы устанавливается в зависимости от характера грунта и уровня подпочвенных вод и составляет не менее чем 1,5 метра от поверхности земли до крышки гроба (при наличии). Во всех случаях отметка для могилы составляет на 0,5 метра выше уровня грунтовых вод;

      для умерших от особо опасных инфекций глубина могилы устанавливается на уровне 2-х метров, при этом на дно размещается хлорная известь слоем не менее 10 сантиметр;

      каждая могила имеет насыпь высотой 0,5 метра (далее – надмогильный холмик) от поверхности земли. Надмогильный холмик выступает за края могилы для защиты ее от атмосферных вод.

      6. Благоустройство мест захоронения и их содержание:

      В границах участка, отведенного под захоронение, разрешается:

      устанавливать надмогильные памятники и сооружения из естественного камня или бетона, цветники и скамейки;

      производить посадку цветов на могиле, зеленой изгороди из декоративного кустарника с последующей ее подстрижкой.

      Дальнейшее содержание могил в надлежащем порядке обеспечивается близким родственником.

      Не допускается размещение памятников и сооружений, устройство столиков, скамеек и сооружений за пределами участка захоронения.

      Территория кладбища (проезды, дорожки, клумбы, газоны, канализационная, электрическая и водопроводная сеть и сооружения) содержится местными исполнительными органами в надлежащем порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Алматы қаласында Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LII сессиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 378 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 1578 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 138 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.06.2022 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.М. Еркінбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
кезектен тыс LII сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы
Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 9 тамыздағы № 378
шешімімен бекітілген

Алматы қаласында Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау
ісін ұйымдастырудың қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласында Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зираттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10646 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін, (мүрдесін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, лақатқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;

      2) зират – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу орыны;

      3) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін (мүрделерін) жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      4) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар.

2-тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі:

      Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесiн тегiн бөледi.

      Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      4. Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі:

      Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар берген қайтыс болу туралы куәлік ұсынылғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      Қайтыс болғандарды жерлеу санитариялық нормаларға қайшы келмейтін әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР ЕЖ 3.02-141-2014 зираттарды жобалау және ұстау жөніндегі Қазақстан Республикасы ережелерінің жинағына және осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

      Әрбір жерлеу зират қорымының әкімшілігі жүргізетін, мынадай мәліметтерді:

      жерлеу жылын, айын, күнін;

      қабірдің нөмірін;

      қайтыс болған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күнін;

      қайтыс болу себебін;

      қайтыс болу туралы куәліктің нөмірін, күнін және кім бергенін;

      марқұмның жақын туыстарының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін және нөмірін, мекенжайын, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайын не жерлеуді жүргізген ұйымның атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын қамтитын кітапта тіркеледі.

      Жақын туыстарының тілегі бойынша қайтыс болған адамды (сүйегін (мүрдесін) бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерде бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      Табылған қайтыс болғандар денелерін (қайтыс болғандар денелерінің жеке бөліктерін), суға кеткендерді, үйлерінен тыс жерлерде кенеттен қайтыс болғандарды, сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада тұрғандарды жерлеу оны ұйымдастыруды өзіне ала алатын туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған жағдайда қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      Жерлеу туыссыз адамдарды жерлеуге арналған бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Мына:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді республиканың басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Эксгумация 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      5. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      6. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаске шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштері мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға рұқсат етіледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп ұстауды жақын туыстары тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орнатуға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдарды, соқпақтарды, гүлбақтарды, көгалдарды, кәріздік, электрлік және су құбыры желілерін және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.