О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 3 марта 2017 года № 10-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 9 апреля 2019 года № 44-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 апреля 2019 года № 5338. Утратило силу решением маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 13 октября 2023 года № 9-1

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 13.10.2023 № 9-1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" маслихат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" от 3 марта 2017 года № 10-3 (опубликовано 13 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4121) следующие изменения:

      В Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области, утвержденных указанным решением (далее - Правила):

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Социальная помощь по основанию, указанного в подпункте 18) приложения 3 к настоящим Правилам предоставляется ежемесячно в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей, без учета доходов по предъявлению справки и списка из учреждения здравоохранения.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Социальная помощь по основанию, указанному в подпункте 19) приложения 3 к настоящим Правилам предоставляется без учета доходов в размере стоимости проезда, ежеквартально.";

      подпункт 19) приложения 3 к Правилам изложить в следующей редакции:

      "19) нуждаемость участников и инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним, другие категории лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лиц, пострадавшим в зоне Семипалатинского ядерного полигона, инвалидов 1, 2, 3 групп от общего заболевания, детей-инвалидов, а также граждан, сопровождающих детей-инвалидов, в проезде железнождорожным (плацкартный вагон), автомобильным пассажирским транспортом (кроме такси) от станции отправления одного из видов указанных транспортных средств до места госпитализации и обратно по территории Республики Казахстан;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата района
имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области
Ю. Боровских
      Секретарь маслихата района
имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области
Е. Адильбеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Северо-Казахстанской области

      ____________________ К. Аксакалов

      "__" _________2019 года

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 44-7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 5338 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 9-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      16-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

      "16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы мен тізімін ұсыну бойынша, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

      "17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз тоқсан сайын жол жүру құны мөлшерінде көрсетіледі.";

      Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:

      "19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оған теңестірілген адамдардың, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдардың басқа да санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурулар бойынша 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балаларды алып жүретін азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағы бойынша мына көліктердің бірімен жөнелту станциясынан госпиталдау орнына дейін және кейін теміржол (плацкартты вагон), автомобиль жолушылар көлігімен (таксиден басқа) жүруге мұқтаждығы;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
сессиясының төрағасы
Ю. Боровских
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Е. Әділбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ______________________ Қ. Ақсақалов

      2019 жылғы "___" _____________