Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 9-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудын үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 тіркелген) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27- бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасында көрсетілген Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының қабылдаған кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының X сессиясының төрағасы | _______________ М. АхметовСолтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының хатшысы _____________Е. Әділбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
______________________ Е. Сұлтанов
2017 жылғы "13" наурыз
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеу қағидалары
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеудің осы қағидалары (одан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қиын жағдай туынау кезінде әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтайды және тізбесін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – қиын күн-көріс жағдайлар туындауына байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмек үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарастыру бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистика органдарымен есептелген мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) жергілікті атқарушы орган – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі;
6) жергілікті өкілді орган – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты;
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
8) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
9) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
10) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
12) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұратын тұлғаларға таратылады.
4. Осы Қағидалар мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігімен уәкілетті орган арқылы берілетін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) қиын күн-көріс жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе табиғи нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіпте көрсетіледі.
6. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі және әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бір жолғы мөлшерде белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген санаттарының бірі бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметтерін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын күн-көріс жағдайы туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті атқарушы орган мен осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
9. Қиын күн-көріс жағдайы туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті атқарушы орган бекітеді және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітіледі.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, арнайы комиссия белгілейді және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 12), 14) -тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 13)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 60 (алпыс) ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшасының 15)-тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша екі жылда бір рет тісін протездеу (қымбат құнды металдардан және металлокерамика, металлокрилдан басқа протездер) құны мөлшерінде ұсынылған шот-фактураға сай, табысы есепке алынбай беріледі.
14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде жылына бір рет көрсетілед.
15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын ұсыну бойынша, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын көрсетіледі.
17. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз қажеттілігі бойынша жол жүру құны мөлшерінде көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
18. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
20. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
21. Қиын күн-көріс жағдайы туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.
22. Учаскелік комиссия екі жұмыс күннің ішінде құжаттарды алған күнінен бастап өтініш беруші жөнінде тексеру жүргізеді, оның нәтижесінде адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, осы Қағидалардың 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаж екені туралы қорытынды әзірлейді және оларды атқарушы органға немесе ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
23. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
24. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
25. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарастыруына ұсынады.
26. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
27. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
28. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
29. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда.
30. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органдардың аударуы жолымен жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектін тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер
31. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға шыққан;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
32. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның | |
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына | |
әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
тізбесін айқындау қағидаларына | |
1-қосымша |
Атаулы күндерінің, мереке күндерінің, алушылар санаттарының тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
№ р/р | Әлеуметтік көмек алушылар санаттарына атаулы күндер және мереке күндерінің атауы | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері |
1 | 2 | 3 |
15 ақпан – "Ауған аумағынан әскерді шығару күні" | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиямсының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міңдетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
4 | Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерді ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
5 | 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
6 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні" | ||
1 | "Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
26 сәуір – "Чернобыль атом электро станциясындағы апатты еске алу күні" | ||
1 | 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әсери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
4 | Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
5 | 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні құрсағындағы жатқан балаларды қоса алғанда | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні" | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
9 мамыр – "Жеңіс күні" | ||
1 | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. | Жылына 1 рет – 100 айлық есептік көрсеткіш |
2 | Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметкерлері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери – Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелеген қалаларда болған адамдар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
4 | Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы ( тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
5 | Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
6 | Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
7 | Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
8 | Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
9 | Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
10 | 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
11 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
12 | Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге ( құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдер ( күйеулері). | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
13 | Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар. | Жылына 1 рет – 5 айлық есептік көрсеткіш |
31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні" | ||
1 | Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
2 |
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмеңдегі жағдайларда танылады: | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
3 | Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннанкуштеу арқылы құқығына қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады. | Жылына 1 рет – 15 айлық есептік көрсеткіш |
4 | Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады. | Жылына 1 рет – 3 айлық есептік көрсеткіш |
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" | ||
1 | Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары. | Жылына 1 рет – 10 айлық есептік көрсеткіш |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда | |
әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының | |
тізбесін айқындаудың қағидаларына | |
2-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
р/б № | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаты | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және оның еселігі | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1 | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан жапа шеккен азаматтар (отбасылары). | 60 ең төменгі есептік көрсеткішке дейін, бір жолғы | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда | |
әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының | |
тізбесін айқындаудың қағидаларына | |
3-қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
1) жетiмдiк;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелу;
8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмау;
9) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
10) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
12) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұру;
13) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
14) Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша күнкөріс деңгейіне қарай бергі шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектердің тіс протездеуге мұқтаждығы (кірісті есепке алмай берілген шот-фактураға сәйкес құны мөлшерінде 2 жылда бір рет, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа);
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы (кірісті есепке алмай Қазақстан Республикасының санаторий мен профилакторийлерінде емделу құны мөлшерінде жылда бір рет);
17) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығына ай сайын –өтемақы төлемін;
18) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалардың мұқтаждығына тоқсан сайын көмекке);
19) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оған теңестендірілгендердің, сондай-ақ Семей ядролық полигонында зақымданғандар темір жолмен жол жүру (плацкарт вагонда), автомобиль жол көлігімен (таксиден басқа) шығу стансасынан бір жол жүру түріне госпиталға бару орнына дейін Қазақстан Республикасы аумағы бойынша мұқтаждарына төлеу.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда | |
әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының | |
тізбесін айқындаудың қағидаларына | |
4-қосымша |
Отбасының тіркеу нөмірі ____
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
___________________________________ __________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
р/б № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________ Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________ (қолы)
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда | |
әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының | |
тізбесін айқындаудың қағидаларына | |
5-қосымша |
Қиын күн-көріс жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20__ ж. "___ " _______ ____________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ________________________________________ 2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________ _______________________________________________________________________ 3. Өмірдегі қиын жағдайлардың болуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке жүгінді _________________________________________________________________________ 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______________________________________________ адам, оның ішінде:
р/б № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіби даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдайы |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам. Балалардың саны: _______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы(көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
_______________________________________________________________ _______________________________________________________________ 5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): _____________________________________________________________ Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
Отбасының табысы:
р/б № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_________________________________________________________________ ______________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 9. Балалардың оқу құралдарымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________ Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ (қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________ Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_______________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда | |
әлеуметтік көмек көрсетудің, | |
оның мөлшерлерін белгілеудің және | |
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының | |
тізбесін айқындаудың қағидаларына | |
6-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) _________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде _________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________ Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ________ қабылданды _________________________________________________________________ Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп танылған Солтүстік-Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қазандағы аудан маслихатының № 38-7 шешімі (2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Есіл өңірі", 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Новости Приишимья" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 3487 болып тіркелген).
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 24 мамырдағы № 3-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 30 қазандағы аудан маслихатының №38-7 шешімі (2016 жылғы 22 маусым "Әділет" АҚЖ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 19 қазандағы № 5-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешімі (2016 жылғы 15 қарашадағы "Әділет" АҚЖ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3918 болып тіркелген).
4. "Солтүсті Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 8-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешімі (2017 жылғы 25 қаңтардағы электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген).