О внесении дополнений в решение Махамбетского районного маслихата от 13 ноября 2013 года № 135 "Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи"

Решение Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 24 мая 2019 года № 341. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 31 мая 2019 года № 4415. Утратило силу решением Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 28 июня 2022 года № 149

      Сноска. Утратило силу решением Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 28.06.2022 № 149 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", c постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, Махамбетский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Махамбетского районного маслихата от 13 ноября 2013 года № 135 "Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2796, опубликовано 12 декабря 2013 года в газете "Жайық шұғыласы") следующие дополнения:

      приложение 2 указонного решение дополнить подпунктами 6), 7), 8):

      "6) лица, принимавшие участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях";

      "7) лица, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии";

      "8) лица, ставшие инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам соблюдения законодательства, экономики и бюджета, финансов (Б. Рахметов).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правовые отношения, возникшие с 1 июля 2019 года.

      Председатель очередной
39-сессии районного маслихата
С. Болеков
      Секретарь районного маслихата М. Мырзашев

Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 341 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 4415 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 149 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.06.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2796 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2013 жылы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы 6, 7, 8 тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар.";

      "7) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркiмен көшкен),көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдар.";

      "8) Чернобыль АЭС- індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
39-сессиясының төрағасы
С. Бөлеков
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Мырзашев