Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 желтоқсанда № 2796 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 149 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.06.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-3-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудандық әкімдіктің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Алынып тасталды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 14.05.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Орташа табысы есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын келесі адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін:

      1) аз қамтылған отбасыларына;

      2) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғаларға.

      4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.

      мынадай мәтіндегі 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      Ескерту. Шешім 4-1-тармақпен толықтырылды – Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 21.09.2016 № 59 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Махамбет селосына тұрақты тұруға көшіп келген балалар үйінің түлектеріне тұрғын жайларды көркейту үшін біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.

      6. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйін жөндеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек бекітілсін.

      Ескерту. 5, 6 тармақтардың күші жойылды – Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 17.01.2014 № 161 шешімімен.

      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Ш. Торбаева) жүктелсін.

      8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
16-сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
А. Құрманбаев

  Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылдың 13 қарашасындағы № 135 шешіміне 1-қосымша

Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:

      1) жетімдік;

      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;

      4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;

      9) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін.

      12) аз қамтылған отбасыларына;

      13) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;

      14) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге.

      2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар алты ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.

  Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылдың 13 қарашасындағы № 135 шешіміне 2-қосымша

Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

      Ескерту. 2-қосымшаға жаңа редакцияда - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 14.05.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Табысы есепке алынбай, коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға берілсін:

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2

 Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

3

Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

4

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

5

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

6

1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

7

1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;

8

 Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

9

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

10

Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

11

Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады