Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Бескарагайскому району

Постановление Бескарагайского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 6 декабря 2019 года № 319. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 10 декабря 2019 года № 6363. Утратило силу - Постановлением Бескарагайского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 7 апреля 2021 года № 141.

      Сноска. Утратило силу - Постановлением Бескарагайского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 07.04.2021 № 141(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 14) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь", акимат Бескарагайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Организовать бесплатное питание для следующих категорий воспитанников дошкольных организаций образования:

      1) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;  

      2)  детям с ограниченными возможностями в развитии, детям – инвалидам;

      3) детям из многодетных семей;

      4) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума.

      2. Бесплатное питание организуется воспитанникам дошкольных организаций образования при предоставлении следующих подтверждающих документов:

      1) письменного заявления в произвольной форме родителей или лиц, их заменяющих;    

      2) копии справки об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания – для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитывающихся в семьях;  

      3) справки об инвалидности – детям-инвалидам или копии медицинского заключения психолого-медико-педагогической консультации – для детей с ограниченными возможностями в развитии;  

      4)   копии свидетельства о рождении для детей из многодетных семей;

      5) справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемой государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Бескарагайского района", для детей из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи;

      6) сведений о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или лиц их заменяющих, доходы от предпринимательской деятельности и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев) – для детей из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума. Право на бесплатное питание в период воспитания в дошкольных организациях образования для детей из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, должно подтверждаться ежегодно предоставлением документов в дошкольные организации образования согласно подпунктам 5) и 6) пункта 2 настоящего постановления.

      Финансирование затрат на организацию бесплатного питания в дошкольных организациях образования района осуществляется из местного бюджета на соответствующий финансовый год.

      3. Государственному учреждению "Отдел образования Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Бескарагайского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Бескарагайского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Бескарагайского района Баталова Б.Ж.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на воспитанников, посещающих дошкольное организации образования с 1 августа 2019 года.

      Аким Бескарагайского района Ш. Байбеков

Бесқарағай ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 319 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 желтоқсанда № 6363 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 141 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 07.04.2021 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын: 

      1)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2)  даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2.  Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

      1)  ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.       

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж. Баталовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 тамыздан бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады

      Бесқарағай ауданының әкімі Ш. Байбеков