Бесқарағай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 141 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 8579 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданыднық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бесқарағай аудандық әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 319 "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6363 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған);

      2) 2020 жылғы 11 ақпандағы № 37 "Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсы қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6732 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 21 ақпанда жарияланған).

      2. "Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданының әкімі аппаратының басшысы Н.О. Агибаевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Б. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады