О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 "Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 101. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2020 года № 20277. Утратил силу приказом и.о. Министра сельского хозяйства РК от 21.08.2024 № 284.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра сельского хозяйства РК от 21.08.2024 № 284 (вводится в действие c 12.12.2024).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 "Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13875, опубликован 13 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах производства и оборота органической продукции, утвержденных указанным приказом:

      дополнить параграфом 6-1 следующего содержания:

      "Параграф 6-1. Рыболовство

      85-1. При ведении рыболовства Производителем обеспечивается поддержание и улучшение воспроизводства экологической системы и сохранение водных и других природных ресурсов водоема, на котором ведется рыболовство, а также не допускается негативное воздействие на экологическую систему водоема.

      85-2. Способы рыболовства, утвержденные Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 18-04/17 "Об утверждении Перечня разрешенных к применению промысловых и непромысловых видов орудий и способов рыболовства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10266), описываются в актах Производителя для соблюдения требований и условий параграфа 6 настоящих Правил и главы 3 Закона.";

      пункт 108 изложить в следующей редакции:

      "108. После прохождения процедуры подтверждения соответствия производства органической продукции и органической продукции Производитель наносит национальный знак соответствия органической продукции.

      Изображение национального знака соответствия органической продукции, технические требования к нему и требования к его нанесению устанавливаются национальным стандартом Республики Казахстан СТ РК 3109-2017 "Продукция органическая. Национальный знак соответствия органической продукции. Технические требования и порядок маркирования органической продукции".";

      пункт 124 изложить в следующей редакции:

      "124. Эксплуатация всех транспортных средств для перевозки органической продукции допускается в соответствии с Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 359 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15695).".

      2. Департаменту ветеринарной, фитосанитарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

"Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20277 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 284 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.08.2024 № 284 (12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-1-параграфпен толықтырылсын:

      "6-1-параграф. Балық аулау

      85-1. Балық аулауды жүргізу кезінде Өндіруші балық аулау жүргізілетін су айдынының экологиялық жүйесінің өсімін молайтуды қолдау мен жақсартуды және су және басқа да табиғи ресурстарын сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ су айдынының экологиялық жүйесіне теріс әсер етуге жол берілмейді.

      85-2. "Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 болып тіркелген) бекітілген балық аулау тәсілдері осы Қағидалардың 6-параграфының және Заңның 3-тарауының талаптары мен шарттарын сақтау үшін Өндірушінің актілерінде сипатталады.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Өндіруші органикалық өнімді өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен кейін органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін қояды.

      Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны басуға қойылатын талаптар ҚР СТ 3109-2017 "Органикалық өнімдер. Органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар және органикалық өнімдерді таңбалау тәртібі" Қазақстан Республикасының ұлттық стандартында белгіленеді.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Органикалық өнімді тасымалдауға арналған барлық көлік құралдарын пайдалануға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген) бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі