Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 тамызда № 34971 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрық 12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Сауда
және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 21 тамыздағы
№ 284 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1-3/1102 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12890 болып тіркелген).

      2. "Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13836 болып тіркелген).

      3. "Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген).

      4. "Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20277 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32579 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбiр бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34361 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады