Об установлении ставок арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 апреля 2020 года № 87. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 апреля 2020 года № 20396

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Установить прилагаемые ставки арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности.

      2. Признать утратившим силу:

      1) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 76 "Об установлении ставок арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10688, опубликован 10 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) пункт 4 Перечня некоторых приказов в сфере культуры, в которые вносятся изменения, утвержденного приказом исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 сентября 2018 года № 256 "О внесении изменений в некоторые приказы в сфере культуры" и приложение к нему (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17507, опубликован 12 октября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту по делам культуры и искусства Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение двух рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Раимкулова

  Утверждены приказом
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
от 14 апреля 2020 года № 87

Ставки арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности

      1. Настоящие ставки арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности (далее – ставки арендной платы) устанавливаются в соответствии с подпунктом 3) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия" и определяют ставки арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности.

      2. Ставки арендной платы определяются с учетом категории городов и населенных пунктов и арендуемой площади памятника истории и культуры.


п/н

Категории городов и населенных пунктов

Ставки арендной платы в месячных расчетных показателях за 1 квадратный метр (в месяц)

 
Виды памятников истории и культуры

Памятники градостроительства и архитектуры

Памятники археологии, ансамбли и комплексы, сакральные объекты

Сооружения монументального искусства

1.

города республиканского значения*

1,0

0,8

1,0

2.

города областного значения*

0,8

0,6

1,0

3.

города районного значения*

0,6

0,4

0,8

4.

поселки*

0,4

0,4

0,6

5.

село*

0,2

0,2

0,4

      Примечание:

      Ставки арендной платы за использование памятников истории и культуры, находящихся в государственной собственности вычисляются путем умножения ставки арендной платы на количество арендуемой площади в квадратных метрах.

      Ставки арендной платы определяются с учетом категории городов и населенных пунктов согласно Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан".

      Города республиканского значения*, к которым относятся населенные пункты, имеющие особое государственное значение или имеющие численность населения более одного миллиона человек;

      города областного значения*, к которым относятся населенные пункты, являющиеся крупными экономическими и культурными центрами, имеющие развитую производственную и социальную инфраструктуру и численность более 50 тысяч человек;

      города районного значения*, к которым относятся населенные пункты, на территории которых имеются промышленные предприятия, коммунальное хозяйство, государственный жилищный фонд, развитая сеть учебных и культурно-просветительных, лечебных и торговых объектов, с численностью населения не менее 10 тысяч человек, из которых рабочие, служащие и члены их семей составляют свыше двух третей общей численности населения;

      поселки*, к которым относятся населенные пункты при промышленных предприятиях, стройках, железнодорожных станциях и других экономически важных объектах с численностью не менее 3 тысяч человек, из которых рабочие, служащие и члены их семей составляют не менее двух третей;

      к поселкам также приравниваются населенные пункты, расположенные в местности, имеющей лечебное значение, с населением не менее 2 тысяч человек, из которых число приезжающих ежегодно для лечения и отдыха составляет не менее половины; к ним относятся также дачные поселки, являющиеся местами летнего отдыха горожан, в которых не менее 25 процентов взрослого населения постоянно занимается сельским хозяйством;

      село* – населенный пункт с численностью не менее 50 человек, из которых работники, занятые в сельском, лесном и охотничьем хозяйстве, пчеловодстве, рыболовстве и рыбоводстве, члены их семей и специалисты здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта составляют не менее половины населения.

Мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20396 болып тіркелді

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпан № 76 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10688 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығымен бекітілген Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 4-тармағы және оның қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17507 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 87 бұйрықпен
бекітілген

Мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелері

      1. Осы мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелері (бұдан әрі – жалға алу ақысының мөлшерлемелері) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес белгіленеді және мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін айқындайды.

      2. Жалға алу ақысының мөлшерлемелері қалалар және елді мекендердің санатын және тарих және мәдениет ескерткішінің жалға алынған көлемін ескерумен айқындалады.

№ р/н

Қалалар және елді мекендердің санаты

Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері

Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер

Монументтік өнер құрылыстары

1.

республикалық маңызы бар қалалар*

1,0

0,8

1,0

2.

облыстық маңызы бар қалалар*

0,8

0,6

1,0

3.

аудандық маңызы бар қалалар*

0,6

0,4

0,8

4.

кенттер*

0,4

0,4

0,6

5.

ауыл*

0,2

0,2

0,4

      Ескерту:

      Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.

      Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.

      Республикалық маңызы бар қалалар*, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;

      облыстық маңызы бар қалалар*, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;

      аудандық маңызы бар қалалар*, оларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;

      кенттер*, оларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа да экономикалық тұрғыдан маңызды объектiлердiң жанындағы, халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;

      кемiнде 2 мың халқы бар, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қала тұрғындарының жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;

      ауыл* – халқының саны кемінде 50 адам болатын, олардың кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығымен, бал ара шаруашылығымен, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығымен айналысатын қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен.