Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17507 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
атқарушы
Е. Қожағапанов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2018 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 256 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын берудің тәртібі";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Халықтық" (үлгілі) атағын алу үшін көркемөнерпаздар ұжымдары мәдениет саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ЖАО) мына құжаттарды жібереді:";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықтық" (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылық деңгейін анықтау үшін, ЖАО құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      6. ЖАО құжаттарды түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралды. ЖАО өтініштерді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органды Комиссия мәжілісінің өткізілетіні туралы хабардар етеді.

      7. Комиссияның құрамын ЖАО бекітеді.

      8. Комиссия отырыстары ЖАО-ға құжаттардың түсуіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.".

      2. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.04.2020 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасы (бұдан әрі - Үлгілік қағида) Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) ұйымдастыратын республикалық конкурстар мен фестивальдерді (бұдан әрі – конкурстармен (немесе) фестивальдер) өткізу тәртібін белгілейді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Конкурстардың және (немесе) фестивальдердің мақсаттары мен міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Фестивальдерді және (немесе) байқауларды өткізу тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Республикалық конкурстарда және (немесе) фестивальдерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана деңгейлеріндегі конкурстардың және (немесе) фестивальдердің жеңімпазы болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің өкілдері қатысуы қажет.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ұйымдастыру комитеті";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Конкурстың және (немесе) фестивальдің қазылар алқасы".

      4. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.04.2020 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10619 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің қағидалары мен шарттарында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. "Академиялық" мәртебесін беру тәртібі";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) "Академиялық" мәртебесін беру туралы қолдаухат (бұдан әрі - қолдаухат) ұсынады. Қолдаухатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:".

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. "Академиялық" мәртебесін беру шарттары".

      6. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.04.2020 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.04.2020 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.04.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2018 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 256 бұйрығымен бекітілген
мәдениет саласындағы
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.04.2020 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады