Об утверждении Правил определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 153. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2020 года № 20449.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога.

      2. Департаменту технического и профессионального образования Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и
науки Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

      "Согласовано"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
" " _____________2020 год

  Утверждены приказом
Министра образования и
науки Республики Казахстан
от 21 апреля 2020 года № 153

Правила определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога" и устанавливают порядок определения режима рабочего времени и времени отдыха педагогов с учетом особенностей деятельности организаций образования соответствующих типов и видов.

Глава 2. Порядок определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога

      2. Режим рабочего времени и время отдыха педагогов, включающие распорядок рабочего времени и предоставление выходных дней, определяются с учетом режима деятельности организаций образования (круглосуточное пребывание обучающихся, воспитанников; пребывание их в течение определенного времени, сезона; сменность учебных занятий и график работы других организаций образования с учетом особенностей их деятельности).

      3. Рабочее время педагогов в зависимости от занимаемой должности, а также типа и вида организации образования включает: учебную (преподавательскую) и воспитательную работу, индивидуальную работу с обучающимися, научную, творческую и исследовательскую работу, предусмотренную должностными обязанностями и (или) планами учебно-воспитательной работы.

      4. Для педагогов устанавливается рабочее время исходя из нормальной продолжительности рабочего времени согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан.

      5. По письменному соглашению между руководителем организации образования и педагогом в соответствии со статьей 70 Трудового кодекса Республики Казахстан устанавливается неполное рабочее время.

      Руководитель организации образования по письменному заявлению беременной женщины, одного из родителей-педагогов (усыновителя, удочерителя), имеющего ребенка (детей) в возрасте до трех лет, устанавливает неполное рабочее время.

      6. Работа на условиях неполного рабочего времени не влечет для работника ограничений в продолжительности оплачиваемого ежегодного трудового отпуска, исчислении трудового стажа и в других правах в сфере труда, установленных Трудовым кодексом Республики Казахстан, трудовым, коллективным договорами, соглашениями.

      7. Время осенних, зимних и весенних каникул, а также время летних каникул, не совпадающее с очередным отпуском, является рабочим временем для педагогов организаций образования.

      8. Педагогам по окончании учебного года предоставляется ежегодный оплачиваемый трудовой отпуск за отработанный период в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Очередной трудовой отпуск и другие предусмотренные законодательством виды отпусков предоставляются на основании личных заявлений педагогов в соответствии с трудовым законодательством.

      10. В организациях дошкольного воспитания и обучения, среднего образования, кроме организаций среднего образования, работающих в режиме трехсменного обучения и с дефицитом ученических мест, технического и профессионального, послесреднего образования устанавливается пятидневная рабочая неделя.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 27.09.2022 № 410 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      11. Для педагогов, работающих в режиме пятидневной рабочей недели, выходными днями являются суббота и воскресенье.

      Для педагогов, работающих в режиме шестидневной рабочей недели в организациях среднего образования с трехсменным обучением и с дефицитом ученических мест, выходным днем является воскресенье.

      Для педагогов дошкольных организаций, реализующих образовательные услуги по программам дополнительного образования на договорной основе для воспитанников, режим рабочего времени и отдыха устанавливается правилами внутреннего распорядка.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 27.09.2022 № 410 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      12. В каникулярное время педагогам, работающим по шестидневной рабочей неделе, устанавливается пятидневная рабочая неделя с двумя выходными днями – суббота, воскресенье – с учетом плана учебно-воспитательной работы.

      13. Выходные и нерабочие праздничные дни для педагогов устанавливаются в зависимости режима работы организации образования с учетом учебной нагрузки и графика сменности учебных занятий.

      Для педагогов организаций образования, в которых предусматривается круглосуточное пребывание обучающихся и воспитанников, пребывание в течение определенного времени, сезона, в зависимости от типа и вида организации образования, сменности учебных занятий и графика работы устанавливается рабочее время с учетом предоставления междусменного отдыха в объеме не менее 12 часов.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 27.09.2022 № 410 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      14. Время отдыха и приема пищи в течение перерывов между уроками (занятиями) для педагогов одновременно с обучающимися определяется Правилами внутреннего распорядка организации образования.

      15. При возникновении режима чрезвычайной ситуации режим рабочего времени и время отдыха педагога определяются в соответствии с нормативными правовыми актами, регламентирующими режим чрезвычайной ситуации.

Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20449 болып тіркелді.

      "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      2020 жылғы " " ____________

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 153 Бұйрықпен
бекітілген

Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті типтегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін айқындау тәртібін белгілейді.

2-тарау. Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау тәртібі

      2. Жұмыс уақытының тәртіптемесін және демалыс күндерін беруді қамтитын педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі білім беру ұйымының қызмет режимін (білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақыт, маусым ішінде болуы, оқу сабақтарының, ауысымдылығы және басқа да білім беру ұйымы қызметінің ерекшеліктері ескерілетін жұмыс кестесі) ескере отырып айқындалады.

      3. Педагогтердің жұмыс уақыты атқаратын лауазымына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының типі мен түріне қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты, лауазымдық міндеттерімен және (немесе) оқу-тәрбие жұмысының жоспарларымен көзделген ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысын қамтиды.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес педагогтер үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына байланысты жұмыс уақыты белгіленеді.

      5. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленеді.

      Білім беру ұйымының басшысы жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

      6. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.

      7. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті демалысқа сәйкес келмейтін жазғы каникул уақыты білім беру ұйымдарының педагогтері үшін жұмыс уақыты болып табылады.

      8. Педагогтерге оқу жылы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істеген кезеңі үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

      9. Кезекті еңбек демалысы және заңнамада көзделген басқа да демалыс түрлері еңбек заңнамасына сәйкес педагогтердің жеке өтініштері негізінде беріледі.

      10. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында, үш ауысымды оқыту режимінде жұмыс істейтін және оқушы орны тапшы білім беру ұйымдарынан басқа орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.09.2022 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Білім беру ұйымдарының бес күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін педагогтер үшін демалыс күндері сенбі және жексенбі болып табылады.

      Үш ауысымда оқытатын білім беру және оқушы орны тапшы білім беру ұйымдарында алты күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін педагогтер үшін демалыс күні жексенбі болып табылады.

      Тәрбиеленушілер үшін шарттық негізде қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін іске асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтері үшін жұмыс уақыты мен демалыс режимі ішкі тәртіп қағидаларында белгіленеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.09.2022 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Каникул уақытында алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін педагогтерге оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу кестесін ескере отырып, екі демалыс күнімен - сенбі, жексенбі бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

      13. Педагогтер үшін демалыс және жұмыс істемейтін мереке күндері оқу жүктемесі мен оқу сабақтарының ауысым кестесін ескере отырып, білім беру ұйымының жұмыс режиміне байланысты белгіленеді.

      Білім алушылардың тәулік бойы болуы және белгілі бір уақыт, маусым ішінде болуы көзделген білім беру ұйымдарының педагогтері үшін білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлеріне, оқу сабақтарының ауысымдылығына және жұмыс кестесіне байланысты кемінде 12 сағат көлемде ауысымаралық демалыс беруді ескере отырып, жұмыс уақыты белгіленеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.09.2022 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Педагогтер үшін оқу (сабақтар) арасындағы үзіліс кезінде білім алушылармен бір мезгілде демалыс және тамақтану уақыты Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларымен айқындалады.

      15. Төтенше жағдайлар режимі туындаған кезде педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі төтенше жағдайлар режимін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес айқындалады.