Об утверждении Стандарта полицейского

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 358. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2020 года № 20500. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 октября 2023 года № 776.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 26.10.2023 № 776 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 74-1) пункта 16 Положения о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт полицейского.

      2. Департаменту кадровой политики Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Сайтбеков А.М.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

  Утвержден приказом

Стандарт полицейского

Глава 1. Общие положения

      1. Служба в полиции является выражением особого доверия со стороны общества и государства и предъявляет высокие требования к личным и профессиональным качествам полицейского.

      2. Полицейскому всегда следует помнить, что каждый человек и гражданин Республики Казахстан должен чувствовать себя в безопасности, видеть в полицейском своего защитника, готового оказать помощь в любую трудную минуту и способного надежно оградить его жизнь, здоровье, права и свободы, честь и достоинство от преступных и иных противоправных посягательств.

      3. Полицейскому надлежит быть патриотом своей страны, всецело преданным службе, обеспечивающим защиту законных интересов граждан, общества и государства в целом, руководствующийся принципами законности, справедливости и беспристрастности.

      Сноска. В пункт 3 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра внутренних дел РК от 29.09.2020 № 658 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящий Стандарт полицейского (далее – Стандарт) призван содействовать укреплению имиджа полицейского и доверия граждан к полиции.

Глава 2. Личные и профессиональные качества полицейского

      5. Для успешного выполнения возложенных задач полицейскому необходимо обладать такими личными качествами как:

      дисциплинированность;

      решительность и смелость;

      исполнительность;

      выносливость и стрессоустойчивость;

      интеллектуальность;

      развитое чувство долга и справедливости;

      честность и принципиальность;

      ответственность и добросовестность;

      самообладание;

      человечность;

      вежливость;

      коммуникабельность;

      стремление к самосовершенствованию.

      6. В профессиональной деятельности полицейскому необходимо знать и умело применять на практике требования нормативных правовых актов, регламентирующих его деятельность, обладать навыками физической и боевой подготовки, оказания первой медицинской помощи, ведения служебной документации и в сфере информационных технологий, грамотно планировать и выполнять служебные задачи, рационально, эффективно использовать служебное время.

      7. Внешний вид полицейского должен способствовать укреплению доверия граждан и авторитета органов внутренних дел, в связи с чем полицейскому следует неукоснительно соблюдать ношение форменного обмундирования, быть подтянутым и аккуратным, поддерживая образцовый внешний вид, вызывающий уважение у коллег и граждан.

      8. В профессиональной деятельности полицейскому следует:

      решительно пресекать правонарушения, осуществлять справедливые и понятные окружающим действия, исключающие нарушения законности и ущемление прав граждан, в том числе задержанных и арестованных;

      действовать честно, беспристрастно, решительно противодействовать проявлениям коррупции;

      соблюдать конституционные права граждан о неприкосновенности частной жизни;

      проявлять вежливость и тактичность при общении с гражданами, особенно детьми, женщинами, лицами с ограниченными возможностями и пожилыми людьми, чутко и объективно относиться к их обращениям и заявлениям, оказывать необходимую помощь, в том числе первую медицинскую;

      излагать свои замечания и требования в корректной и убедительной форме, проявляя выдержку и самообладание;

      уметь разрешать конфликтные ситуации.

      9. При общении с гражданами со стороны полицейского недопустимы:

      высказывания и действия дискриминационного характера по признакам пола, возраста, расы, национальности, языка, гражданства, социального, имущественного или семейного положения, политических или религиозных предпочтений;

      угрозы, оскорбительные выражения или реплики, высокомерный тон, грубость, заносчивость, некорректность, предъявление неправомерных обвинений;

      использование ненормативной и жаргонной лексики;

      действия, препятствующие нормальному общению или провоцирующие противоправное поведение.

      10. Полицейскому, наделенному полномочиями руководителя, необходимо:

      точно определять задачи и объем служебных полномочий своих подчиненных в соответствии с должностными инструкциями;

      передавать профессиональные знания и практический опыт работы подчиненным;

      повседневно воспитывать подчиненных в духе строжайшего соблюдения Конституции, законов Республики Казахстан, честного и добросовестного исполнения служебного долга, непримиримого отношения к грубости и бездушию;

      обеспечивать социально-правовую защиту подчиненных, окружать вниманием ветеранов, полицейских, получивших ранения и увечья при исполнении служебных обязанностей, а также членов семей полицейских, погибших при исполнении служебного долга;

      обеспечивать соблюдение принципов меритократии при решении кадровых вопросов;

      принимать меры, направленные на охрану труда, здоровья, создание безопасных и необходимых условий для эффективной деятельности, а также создание благоприятного морально-психологического климата;

      проявлять справедливость и объективность при оценке результатов деятельности нижестоящих подчиненных, а также применении мер поощрения и взысканий.

Глава 3. Заключительные положения

      11. Соответствие полицейского Стандарту является необходимым условием общественного доверия, важным фактором качественного выполнения служебных задач.

Полицей стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20500 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 776 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.10.2023 № 776 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 74-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Полицей стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі № 358
бұйрығымен бекітілген

Полицей стандарты

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Полицияда қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және полицейдің жеке және кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.

      2. Полицей Қазақстан Республикасының әр адамы және азаматы өзін қауіпсіз сезінуі, полицейді кез келген қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын және оның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін қылмыстық және басқа құқыққа қарсы қол сұғушылықтан сенімді қорғай алатын өзінің қорғаушысын көруі керек екендігін әрдайым есте сақтауы тиіс.

      3. Полицей азаматтардың, қоғамның және жалпы мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, заңдылық, әділеттілік және бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алатын қызметке шын берілген өз елінің патриоты болуы тиіс.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2020 № 658 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Полицей стандарты (бұдан әрі - Стандарт) полицейдің имиджін және полицияға азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етуге бағытталған.

2 - тарау. Полицейдің жеке және кәсіби қасиеттері

      5. Жүктелген міндеттерді табысты орындау үшін полицейдің мынадай жеке қасиеттері болуы тиіс:

      тәртіптілік;

      батылдық және табандылық;

      орындаушылық;

      төзімділік және стреске тұрақтылық;

      интеллектуалдық;

      борыш пен әділеттіліктің дамыған сезімі;

      адалдық және принципшілдік;

      жауапкершілік және адал ниеттілік;

      сабырлылық;

      адамгершілік;

      ізеттілік;

      тіл табысқыштық;

      өздігінен жетілуге талпыныс.

      6. Кәсіби қызметте полицей оның қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуі және практикада шебер қолдануы, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлығы, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік құжаттаманы жүргізу дағдыларына, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласында ие болуы, қызметтік міндеттерді сауатты жоспарлауы және орындауы, қызметтік уақытты ұтымды және тиімді пайдалануы қажет.

      7. Полицейдің сыртқы келбеті азаматтардың сенімін және ішкі істер органдарының беделін нығайтуға мүмкіндік жасауы тиіс, осыған байланысты полицей нысанды киімді киюді мүлтіксіз сақтауы, саптық жинақы және ұқыпты болуы, әріптестер мен азаматтардың құрметіне лайық үлгілі сыртқы келбетін сақтауы тиіс.

      8. Кәсіби қызметте полицей:

      құқық бұзушылықтардың үзілді-кесілді жолын кесуі, заңдылықты және азаматтардың, оның ішінде ұсталғандардың және қамалғандардың құқықтарын шектейтін, бұзушылықтарға жол бермейтін әділ және айналасындағыларға түсінікті әрекеттерді жүзеге асыруы;

      адал, әділ әрекет етуі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы;

      жеке өмірге қол сұқпаушылық туралы азаматттардың конституциялық құқықтарын сақтауы;

      азаматтармен, әсіресе балалармен, әйелдермен, мүмкіндігі шектеулі адамдармен және егде адамдармен қарым-қатынаста ізеттілік және әдептілік білдіруі, олардың өтініштері мен арыздарына объективті қарауы, қажетті көмек, оның ішінде медициналық көмек көрсетуі;

      өзінің ескертулері мен талаптарын шыдамдылық және сабырлық сақтай отырып сыпайы және сенімді түрде баяндауы;

      даулы жағдайларды шеше білуі қажет.

      9. Азаматтармен қарым-қатынаста полицей тарапынан:

      жыныстық белгісіне, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, азаматтығына, әлеуметтік, мүліктік немесе отбасылық жағдайына, саяси немесе діни көзқарасына байланысты кемсітушілік сипаттағы сөздер мен әрекеттерге;

      қоқан-лоқы, қорлайтын тіл тигізу, тәкаппарлық қатынас, дөрекілік, менсінбеушілік, әдепсіздік, дәлелсіз айып тағуға;

      нормативті емес және жаргондық лексиканы пайдалануға;

      дұрыс қарым-қатынасқа немесе құқыққа қарсы келетін мінез-құлыққа тосқауыл болатын іс-әрекеттер көрсетуге жол берілмейді.

      10. Басшының өкілеттігі берілген полицей:

      өзінің қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерін және қызметтік өкілеттігі көлемін лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес дәл белгілеу;

      кәсіби білімдерін және практикалық жұмыс тәжірибесін қарамағындағы қызметкермен бөлісу;

      күнделікті қарамағындағы қызметкерлерді Конституцияны, Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау рухында, қызметтік борышын адал атқару, дөрекілікке және мейірімсіздікке төзбеушілік қарым-қатынаста тәрбиелеу;

      қарамағындағы қызметкерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғауды, ардагерлерге, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақаттанған және мертігіп қалған полицейлерге, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау;

      кадр мәселелерін шешу барысында меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

      еңбекті, денсаулықты сақтауға бағытталған шараларды қабылдау, тиімді қызмет үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру;

      төмендегі қарамағындағы қызметкерлердің қызмет нәтижесін бағалау, сондай-ақ марапаттау мен жазалауды қолдану кезінде әділеттілік және объективтілік көрсету қажет.

3 - тарау. Қорытынды ережелер

      11. Полицейдің Стандартқа сай болуы қоғамдық сенімнің қажетті шарты, қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың маңызды факторы болып табылады.