О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 "Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 мая 2020 года № 197. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 мая 2020 года № 20688. Срок действия приказа - до 1 ноября 2020 года

      Примечание ИЗПИ.

      Срок действия приказа - до 01.11.2020 (п. 4 приказа).
      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см.
п 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 "Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10662, опубликован 18 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие дополнения:

      в Правилах централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года, утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:

      "16-1. Срок, указанный в подпункте 2) пункта 16 настоящих Правил, однократно продлевается на срок, не превышающий 1 (один) календарный год согласно обращению Заявителя (в произвольной форме), поданному в расчетно-финансовый центр, но не позднее срока предоставления копии акта приемки в эксплуатацию объекта по использованию ВИЭ.";

      дополнить пунктом 101-1 следующего содержания:

      "101-1. В случае, предусмотренном пунктом 106-1 настоящих Правил, порядок удержания финансового обеспечения исполнения условий договора покупки, предусмотренный пунктом 101 настоящих Правил, осуществляется с учетом продления указанных сроков.";

      дополнить пунктом 106-1 следующего содержания:

      "106-1. Сроки, указанные в подпунктах 1) и 2) пункта 106 настоящих Правил, однократно продлеваются на срок, не превышающий 1 (один) календарный год, согласно обращению Заявителя (в произвольной форме), имеющего действующий договор покупки, заключенный до 31 марта 2020 года, поданному в расчетно-финансовый центр, но не позднее сроков предоставления указанных документов, при условии продления срока действия финансового обеспечения исполнения условий договора покупки.".

      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования и действует до 1 ноября 2020 года.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Н. Ногаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан

"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 мамырда № 20688 болып тіркелді. Бұйрық 2020 жылғы 1 қарашаға дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 01.11.2020 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.";

      мынадай мазмұндағы 101-1-тармақпен толықтырылсын:

      "101-1. Осы Қағидалардың 106-1-тармағында көзделген жағдайда, осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзарту ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 106-1-тармақпен толықтырылсын:

      "106-1. Осы Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, 2020 жылғы 31 наурызға дейін жасасқан қолданыстағы сатып алу шарты бар Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімдерінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қарашаға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі