Об утверждении перечня профессий для осуществления трудовой деятельности сезонных иностранных работников

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 сентября 2020 года № 379. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 сентября 2020 года № 21295. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 235.

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 22.06.2023 № 235 (вводится в действие с 01.07.2023).
      Примечание ИЗПИ!
Настоящий приказ вводится в действие 1 января 2021 года.

      В соответствии с подпунктом 21-1) статьи 7 Закона Республики Казахстана от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень профессий для осуществления трудовой деятельности сезонных иностранных работников.

      2. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Шапкенова С.Ж.

      4. Настоящий приказ вводится в действие 1 января 2021 года.

      Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
Б. Нурымбетов

  Утвержден приказом Министра
труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 25 сентября 2020 года № 379

Перечень
профессий для осуществления трудовой деятельности сезонных иностранных работников

№ п/п

Наименование профессий

1.

Садовники и садоводы

2.

Полеводы и овощеводы

3.

Рабочие по изготовлению табачной продукции

4.

Неквалифицированные рабочие в растениеводстве

5.

Неквалифицированные рабочие в животноводстве

6.

Неквалифицированные рабочие в производстве смешанной растениеводческой и животноводческой продукции


Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 21295 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 235 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 25 қыркүйегі
№ 379 бұйрығымен
бекітілген

Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі

Р/с №

Кәсіптердің атауы

1.

Бағбандар және бақшашылар

2.

Егіншілер және көкөнісшілер

3.

Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар

4.

Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар

5.

Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар

6.

Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар