"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
2. "Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 379 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21295 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 235 бұйрығына қосымша |
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі
Р/с № | Кәсіптердің атауы |
1. | Бағбандар және бақшашылар |
2. | Егіншілер және көкөнісшілер |
3. | Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар |
4. | Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар |
5. | Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар |
6. | Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар |