Об утверждении Правил финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи углеводородов и урана по итогам предыдущего года

Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 373 и и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 410/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2020 года № 21555.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 129 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи углеводородов и урана по итогам предыдущего года.

      2. Департаменту цифровизации и информатизации Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра
цифрового развития,
инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан __________ А. Ахметжанов
      Министр энергетики
Республики Казахстан __________ Н. Ногаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены
совместным приказом
Первого вице-министра
цифрового развития,
инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 30 октября 2020 года
№ 410/НҚ
и Министра энергетики
Республики Казахстан
от 30 октября 2020 года № 373

Правила финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи углеводородов и урана по итогам предыдущего года

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи углеводородов и урана по итогам предыдущего года, (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 129 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи углеводородов и урана по итогам предыдущего года.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) уполномоченный орган в сфере информатизации – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере информатизации и "электронного правительства";

      2) уполномоченный орган в области углеводородов и добычи урана – уполномоченный орган, реализующий государственную политику в области углеводородов и добычи урана;

      3) проект цифровизации в области углеводородов и добычи урана – комплекс взаимосвязанных мероприятий, ограниченный по времени, направленный на создание продукта и (или) услуги с применением информационно-коммуникационных технологий;

      4) субъекты, осуществляющие проект цифровизации в области углеводородов и добычи урана – физические и (или) юридические лица, осуществляющие деятельность в сфере информатизации;

      5) учет реализуемых проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана – учет, осуществляемый уполномоченным органом в сфере информатизации, в целях осуществления мониторинга выполнения единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, предусмотренных подпунктом 9) статьи 7-1 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации".

Глава 2. Порядок финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в размере одного процента от затрат на добычу, понесенных недропользователем в период добычи углеводородов и урана по итогам предыдущего года

      3. Финансирование проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана осуществляется недропользователем ежегодно в течение периода добычи, начиная со второго года реализации проектов.

      4. Объем финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана, превышающий один процент от затрат на добычу, понесенных недропользователем по итогам предыдущего года, учитывается в счет исполнения соответствующих обязательств недропользователя в следующем году.

      5. При финансировании проектов цифровизации затраты на добычу, понесенных недропользователем по итогам предыдущего года, определяются на основании данных отчета об исполнении лицензионно-контрактных условий для недропользователя в области углеводородов или отчета об исполнении контрактных условий для недропользователя в области добычи урана, предоставляемых недропользователями в уполномоченный орган в области углеводородов и добычи урана, предусмотренных статьями 132 и 180 Кодекса.

      6. При финансировании проектов цифровизации закуп товаров, работ и услуг недропользователем осуществляется в соответствии c частью второй пункта 1 статьи 131 и частью второй пункта 1 статьи 179 Кодекса.

      7. Для финансирования проектов цифровизации недропользователь за 30 (тридцать) календарных дней до проведения закупа соответствующих услуг направляет в уполномоченный орган в области углеводородов и добычи урана для опубликования на официальном интернет-ресурсе информацию о планируемом закупе, с указанием его наименования и краткого описания.

      8. Определение субъектов, осуществляющих проект цифровизации в области углеводородов и добычи урана по техническому заданию недропользователя, производится недропользователем посредством закупа, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил.

      9. Выполнение финансирования проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана в соответствии со статьями 129 и 178 Кодекса осуществляется недропользователем на основании заключенного договора в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года между недропользователем и субъектом, осуществляющим проект цифровизации в области углеводородов и добычи урана.

      10. Документами, подтверждающими исполнение обязательств недропользователем по финансированию проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана, являются платежные документы, предусмотренные подпунктом 54) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах", подтверждающие перечисление денежных средств на финансирование проектов цифровизации в области углеводородов и добычи урана.

      11. Недропользователь для учета реализуемых проектов цифровизации по результатам финансирования предоставляет в уполномоченный орган в сфере информатизации отчет в произвольной форме по финансируемым проектам цифровизации в области углеводородов и добычи урана.

Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 373 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 410/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21555 болып тіркелді

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а.
А. Ахметжанов
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі бірінші вице-
министрінің
2020 жылғы 30 қазаны
№ 410/НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 30 қазаны
№ 373 бірлескен бұйрықпен
бекітілген

Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы уәкілетті орган – көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;

      3) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы цифрландыру жобасы – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, өнімді және (немесе) көрсетілетін қызметтерді құруға бағытталған, уақыт бойынша шектелген өзара байланысты іс-шаралар кешені;

      4) көмірсутектерді және уранды өндіру саласында цифрландыру жобасын жүзеге асыратын субъектілер – ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      5) көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы іске асырылатын цифрландыру жобаларын есепке алу – "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-1-бабы 9) тармақшасында көзделген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын есепке алу.

2-тарау. Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыру тәртібі

      3. Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыруды жер қойнауын пайдаланушы жобаны іске асырудың екінші жылынан бастап өндіру кезеңі ішінде жыл сайын жүзеге асырады.

      4. Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызынан асатын көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылы тиісті міндеттемелерін орындау есебіне есептеледі.

      5. Цифрландыру жобаларын қаржыландыру кезінде алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының өндіру үшін шеккен шығындары Кодекстің 132 және 180-баптарында көзделген көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есептің немесе уранды өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есептің деректері негізінде айқындалады.

      6. Цифрландыру жобаларын қаржыландыру кезінде жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Кодекстің 131-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 179-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырады.

      7. Цифрландыру жобаларын қаржыландыру үшін жер қойнауын пайдаланушы тиісті көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын атауы мен қысқаша сипаттамасын көрсете отырып, жоспарланып отырған сатып алу туралы ақпаратты ресми интернет-ресурста жариялау үшін көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      8. Жер қойнауын пайдаланушының техникалық тапсырмасы бойынша көмірсутектерді және уранды өндіру саласында цифрландыру жобасын жүзеге асыратын субъектілерді айқындауды жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген сатып алу арқылы жүргізеді.

      9. Кодекстің 129 және 178-баптарына сәйкес көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыруды орындауды жер қойнауын пайдаланушы мен көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобасын жүзеге асыратын субъект арасындағы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

      10. Көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыру бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 54) тармақшасында көзделген көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыруға ақша қаражатының аударылғанын растайтын төлем құжаттары болып табылады.

      11. Жер қойнауын пайдаланушы қаржыландыру нәтижелері бойынша іске асырылатын цифрландыру жобаларын есепке алу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көмірсутектерді және уранды өндіру саласындағы қаржыландырылатын цифрландыру жобалары бойынша еркін нысанда есеп ұсынады.