Об установлении минимального размера уставного капитала платежной организации

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2020 года № 129. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 ноября 2020 года № 21584.

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее постановление вводится в действие с 01.07.2021.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 15-1 Закона Республики Казахстан "О платежах и платежных системах" (далее – Закон о платежах и платежных системах) Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.02.2024 № 10 (вводится в действие с 01.07.2024).

      1. Установить минимальный размер уставного капитала платежной организации в размере 150 000 000 (сто пятьдесят миллионов) тенге для оказания одного из видов платежных услуг, указанных в подпунктах 3), 7), 8) и 9) пункта 1 статьи 12 Закона о платежах и платежных системах.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.02.2024 № 10 (вводится в действие с 01.07.2024).

      2. Для оказания платежной организацией более одного вида платежных услуг, указанных в подпунктах 3), 7), 8) и 9) пункта 1 статьи 12 Закона о платежах и платежных системах, ее уставный капитал, формируемый в денежной форме в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления, увеличивается на 50 000 000 (пятьдесят миллионов) тенге на каждый дополнительный вид платежной услуги.

      Уставный капитал платежной организации используется только на цели, связанные с ее деятельностью.

      Все операции, связанные с уставным капиталом, отражаются в бухгалтерском учете в соответствии с Законом Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".

      Документами, подтверждающими оплату минимального размера уставного капитала, являются следующие документы:

      1) документ банка второго уровня (в том числе выписка о движении денег по банковским счетам клиента), подтверждающий зачисление на банковский счет денег в качестве взноса в уставный капитал платежной организации и финансовая отчетность;

      2) бухгалтерский баланс, отчет о движении денежных средств, отчет об изменениях в капитале.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.02.2024 № 10 (вводится в действие с 01.07.2024).

      3. Департаменту платежных систем в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 4 настоящего постановления.

      4. Департаменту информации и коммуникаций – пресс-службе Национального Банка Республики Казахстан обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 2021 года.

      Председатель Национального Банка
Республики Казахстан
Е. Досаев

Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 129 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21584 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметі түрлерінің бірін көрсету үшін төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Төлем ұйымы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметінің бірден артық түрін көрсетуі үшін осы қаулының 1-тармағына сәйкес ақшалай нысанда қалыптастырылатын оның жарғылық капиталы көрсетілетін төлем қызметінің әрбір қосымша түріне 50 000 000 (елу миллион) теңгеге ұлғайтылады.

      Төлем ұйымының жарғылық капиталы оның қызметіне байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылады.

      Жарғылық капиталға байланысты барлық операциялар "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

      Мына құжаттар:

      1) банктік шотқа төлем ұйымының жарғылық капиталына жарна ретінде ақша есепке алынғанын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) және қаржылық есептілік;

      2) бухгалтерлік баланс, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері төленгенін растайтын құжат болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев