ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметі түрлерінің бірін көрсету үшін төлем ұйымының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Төлем ұйымы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген төлем қызметінің бірден артық түрін көрсетуі үшін осы қаулының 1-тармағына сәйкес ақшалай нысанда қалыптастырылатын оның жарғылық капиталы көрсетілетін төлем қызметінің әрбір қосымша түріне 50 000 000 (елу миллион) теңгеге ұлғайтылады.
Төлем ұйымының жарғылық капиталы оның қызметіне байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылады.
Жарғылық капиталға байланысты барлық операциялар "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Мына құжаттар:
1) банктік шотқа төлем ұйымының жарғылық капиталына жарна ретінде ақша есепке алынғанын растайтын екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме) және қаржылық есептілік;
2) бухгалтерлік баланс, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері төленгенін растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.02.2024 № 10 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы | Е. Досаев |