Об утверждении правил допуска в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, и порогового уровня коллективного иммунитета

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-289/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 декабря 2020 года № 21832.

      В соответствии с пунктом 11 статьи 85 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить правила допуска в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, и пороговый уровень коллективного иммунитета согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту охраны здоровья матери и ребенка Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня со дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой
     

      СОГЛАСОВАН
Министр образования и науки
Республики Казахстан
"____"________________2020 год

  Приложение к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 20 декабря 2020 года
№ ҚР ДСМ-289/2020

Правила допуска в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, и пороговый уровень коллективного иммунитета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила допуска в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, и пороговый уровень коллективного иммунитета (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 11 статьи 85 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок допуска в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, и пороговый уровень коллективного иммунитета.

      2. Настоящие Правила распространяются на дошкольные организации независимо от видов, форм собственности, ведомственной подчиненности, режима функционирования и времени пребывания (с полным, неполным, круглосуточным пребыванием).

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) охват плановыми профилактическими прививками – доля детей в определенной популяции (группе детей) в процентах, которые получили обязательные профилактические прививки в порядке, сроки их проведения, определенных в соответствии со статьей 85 Кодекса. Необходимый для достижения коллективного иммунитета охват вакцинацией отражает количество детей, приобретающих достаточный для нейтрализации патогена уровень иммунитета;

      2) дошкольная организация – организация образования, реализующая общеобразовательные, специальные учебные программы дошкольного воспитания и обучения;

      3) профилактические прививки – введение в организм детей иммунобиологических лекарственных препаратов для иммунопрофилактики в целях создания специфической невосприимчивости к инфекционным заболеваниям;

      4) коллективный иммунитет – косвенная защита непривитых детей за счет достижения порогового уровня охвата плановыми профилактическими прививками населения против инфекций, предупреждаемых вакцинами;

      5) пороговый уровень охвата плановыми профилактическими прививками для достижения коллективного иммунитета (далее – пороговый уровень) – доля детей определенной популяции (группы детей), имеющих личный иммунитет к данной инфекции (в результате индивидуальной вакцинации или перенесших инфекцию), при которой достигается эпидемиологический эффект сопротивления распространению инфекции в данной популяции (группе детей).

Глава 2. Порядок допуска в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, и пороговый уровень коллективного иммунитета

      4. Допуск к посещению дошкольных организаций детей, не получивших плановые профилактические прививки по причине наличия постоянных медицинских противопоказаний или иных причин, осуществляется с учетом достижения порогового уровня коллективного иммунитета в группах, классах (за исключением групп коррекционного типа).

      5. Обязательные профилактические прививки проводятся в рамках гарантированного объема медицинской помощи в порядке, сроки группам населения, подлежащим профилактическим прививкам, определяемым Правительством Республики Казахстан в соответствии с пунктом 5 статьи 85 Кодекса.

      6. Учет профилактических прививок осуществляется соответствующими записями в учетной документации, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения в соответствии с подпунктом 31) статьи 7 Кодекса, которая хранится на объектах по месту проведения прививок.

      7. При формировании групп в дошкольных организациях допускается такое количество детей, не получивших плановые профилактические прививки (по причинам наличия постоянных медицинских противопоказаний к проведению профилактических прививок и другим), при котором обеспечивается достижение порогового уровня коллективного иммунитета.

      8. Пороговый уровень охвата детей плановыми профилактическими прививками для достижения коллективного иммунитета в группах дошкольных организаций соблюдается на уровне не менее 90% от общего количества детей в группе. Допуск в дошкольные организации детей, не получивших плановые профилактические прививки, осуществляется только при составлении их доли в группах не более 10%.

      9. При комплектовании групп дошкольных организаций с учетом порогового уровня охвата плановыми профилактическими прививками для достижения коллективного иммунитета учитывается количество детей, получивших и не получивших прививки.

      10. Медицинские работники дошкольных организаций при формировании групп и классов осуществляют первичный расчет (оценку) охвата плановыми профилактическими прививками детей с дальнейшим проведением перерасчета (повторной оценки) с учетом движения детей в каждой группе, классе и регистрацией результатов расчета (оценки) в журнале регистрации охвата детей плановыми профилактическими прививками согласно приложению к настоящим Правилам.

      11. Руководители и медицинские работники дошкольных организаций, обеспечивают постоянное соблюдение охвата плановыми профилактическими прививками для достижения коллективного иммунитета среди детей не менее 90%.

  Приложение
к Правилам допуска в дошкольные
организации детей, не получивших
плановые профилактические прививки,
и пороговый уровень коллективного
иммунитета

Журнал регистрации охвата детей дошкольных организаций плановыми профилактическими прививками

  1 страница

 
Группа
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ребенка Прививочный статус ребенка Дата приема ребенка в группу Дата выбытия ребенка из группы Подпись
родителя






  2 страница

 
Общее количество детей в группе
из них: Результат расчета (оценки)охвата профилактическими прививками, % Дата проведения расчета (оценки) охвата профилактическими прививками Подпись медицинского работника

количество привитых детей

Количество непривитых детей








Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 21832 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 85-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      "____"________________2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-289/2020
Бұйрыққа қосымша

Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу тәртібін және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар түрлеріне, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, жұмыс істеу режиміне және болу уақытына (толық, толық емес, тәулік бойы болатын) қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелермен қамту - Кодекстің 85-бабына сәйкес айқындалған тәртіппен міндетті профилактикалық екпелерді, оларды жүргізу мерзімдерін алған балалардың белгілі бір популяциядағы (балалар тобындағы) пайызбен үлесі. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін қажетті вакцинациямен қамту патогенді бейтараптандыру үшін иммунитеттің жеткілікті деңгейіне ие балалардың санын көрсетеді;

      2) мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      3) профилактикалық екпелер - инфекциялық ауруларға өзіндік ерекше қарсылық жасау мақсатында иммундық профилактика үшін адам организміне иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды енгізу;

      4) ұжымдық иммунитет - вакциналармен ескертілетін инфекцияларға қарсы халықты жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейіне қол жеткізу есебінен егілмеген балаларды жанама қорғау;

      5) ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі (бұдан әрі – шекті деңгей) – осы популяцияда (балалар тобында) инфекцияның таралуына төзімділіктің эпидемиологиялық әсеріне қол жеткізілетін, осы инфекцияға (жеке вакцинация нәтижесінде немесе инфекцияны бастан өткерген) жеке иммунитеті бар белгілі бір популяция (балалар тобы) балаларының үлесі.

2-тарау. Мектепке дейінгі ұйымдарға жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды жіберу тәртібі және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейі

      4. Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарының жанындағы шағын орталықтарға, басқа да ұйымдарға баруға жіберу топтарда, сыныптарда (түзету үлгісіндегі топтарды қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып жүзеге асырылады.

      5. Міндетті профилактикалық екпелер Кодекстің 85-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын профилактикалық екпелерге жататын халық топтарына медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәртіппен, мерзімдерде жүргізіледі.

      6. Профилактикалық екпелерді есепке алу Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есепке алу құжаттамасындағы тиісті жазбалармен жүзеге асырылады, ол екпелер жүргізілген жердегі объектілерде сақталады.

      7. Мектепке дейінгі ұйымдарда топтар қалыптастыру кезінде ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етілетін жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған (профилактикалық екпелерді жүргізуге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы себептері бойынша және басқалары) балалардың санына жол беріледі.

      8. Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90% деңгейінде сақталады.

      жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      9. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың топтарын жасақтау кезінде егуді алған және алмаған балалардың саны ескеріледі.

      10. Мектепке дейінгі ұйымдардың медицина қызметкерлері топтар мен сыныптарды қалыптастыру кезінде әрбір топтағы, сыныптағы балалардың қозғалысын ескере отырып, әрі қарай қайта есептеу (қайта бағалау) жүргізе отырып және есептеу (бағалау) нәтижелерін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтуды тіркеу журналында тіркей отырып, балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың бастапқы есебін (бағалауын) жүзеге асырады.

      11. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлері балалар арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін кемінде 90% жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтуды тұрақты сақтауды қамтамасыз етеді.

  Жоспарлы профилактикалық
екпелерді және ұжымдық
иммунитеттің
шекті деңгейін алмаған
балаларды
мектепке дейінгі ұйымдарға
жіберу
қағидаларына қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтуды тіркеу журналы

  1-бет

Топ Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Баланың егу мәртебесі Баланы топқа қабылдау күні Баланың топтан шыққан күні Ата-ананың қолы






  2-бет

Топтағы балалардың жалпы саны оның ішінде: Профилактикалық екпелермен қамтуды есептеу (бағалау) нәтижесі, % Профилактикалық екпелермен қамтуды есептеуді (бағалауды) жүргізу күні Медицина қызметкерінің қолы
егілген балалардың саны егілмеген балалардың саны