О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 9 июня 2016 года № А-7/266 "Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета"

Постановление акимата Акмолинской области от 31 марта 2020 года № А-4/164. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 2 апреля 2020 года № 7780

      В соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9934), акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Акмолинской области "Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета" от 9 июня 2016 года № А-7/266 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5439, опубликовано 16 июля 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9934), акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Акмолинской области.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Акмолинской области Е.Маржикпаев

"Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № А-4/164 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 7780 болып тіркелді

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев