Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 шілдеде № 5439 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы әкімдігінің 31.03.2020 № А-4/164 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 9 маусымдағы
№ А-7/266 қаулысына
қосымша

Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 02.05.2018 № А-5/198 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.04.2019 № А-4/165 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Жалақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2019 № А-4/165 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.

      3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, стипендиялар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2019 № А-4/165 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
      5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
      7. Ағымдағы трансферттер, даму трансферттері, республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады