Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Буландынского района Акмолинской области от 26 февраля 2020 года № А-1/60. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 февраля 2020 года № 7696

      В соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, акимат Буландынского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут сроком на 48 (сорок восемь) лет без изъятия земельных участков товариществу с ограниченной ответственностью "ANT Technology", общей площадью 28,84 гектар, расположенных в административных границах Никольского, Вознесенского, Караозекского сельских округов и города Макинск Буландынского района для прокладки и эксплуатации волоконно-оптической линии связи, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Товариществу с ограниченной ответственностью "ANT Technology" соблюдать требования законодательства Республики Казахстан при использовании земельного участка в целях прокладки и эксплуатации волоконно-оптической линии связи.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Буландынского района Смагулова О.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Буландынского
района
Т.Ерсеитов

  Приложение
к постановлению акимата
Буландынского района
от "26" февраля 2020 года
№ А-1/60

Публичный сервитут земельных участков, расположенных в Буландынском районе, для прокладки и эксплуатации волоконно-оптической линии связи

Местонахождение земельного участка

Земли, установленные публичным сервитутом, гектар

Категория земель

1

в административных границах Никольского сельского округа

8,37

Земли железнодорожного транспорта

2

в административных границах Вознесенского сельского округа

10,92

Земли железнодорожного транспорта

3

в административных границах Караозекского сельского округа

4,57

Земли железнодорожного транспорта

4

в административных границах города Макинск

4,98

Земли железнодорожного транспорта

Всего

28,84



Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № А-1/60 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 7696 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу және пайдалану үшін Бұланды ауданының Никольск, Вознесенка, Қараөзек ауылдық округтерінің және Макинск қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 28,84 гектар жер учаскелерін алып қоймастан 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының
әкімі
Т.Ерсеитов

  Бұланды ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "26" ақпандағы
№ А-1/60 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу және пайдалану үшін Бұланды ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар

Жер санаты

1

Никольск ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

8,37

Темір жол көлігінің жерлері

2

Вознесенка ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

10,92

Темір жол көлігінің жерлері

3

Қараөзек ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

4,57

Темір жол көлігінің жерлері

4

Макинск қаласының әкімшілік шекараларында

4,98

Темір жол көлігінің жерлері

Барлығы

28,84