2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу және пайдалану үшін Бұланды ауданының Никольск, Вознесенка, Қараөзек ауылдық округтерінің және Макинск қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 28,84 гектар жер учаскелерін алып қоймастан 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі |
Т.Ерсеитов |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "26" ақпандағы № А-1/60 қаулысына қосымша |
Талшықты-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу және пайдалану үшін Бұланды ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар | Жер санаты |
1 | Никольск ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 8,37 | Темір жол көлігінің жерлері |
2 | Вознесенка ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 10,92 | Темір жол көлігінің жерлері |
3 | Қараөзек ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 4,57 | Темір жол көлігінің жерлері |
4 | Макинск қаласының әкімшілік шекараларында | 4,98 | Темір жол көлігінің жерлері |
Барлығы | 28,84 |