Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Жаркаинском районе на 2021 год

Постановление акимата Жаркаинского района Акмолинской области от 24 сентября 2020 года № А-9/266. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 сентября 2020 года № 8037

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктами 7), 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Жаркаинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Жаркаинском районе на 2021 год, согласно приложениям 1 и 2 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Баегизову Г.М.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Жаркаинского района М.Балпан

 
  Приложение 1
к постановлению акимата
Жаркаинского района
от 24 сентября 2020 года
№ А-9/266

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Жаркаинском районе на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

1

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Коммунсервис при отделе жилищно- коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции" Жаркаинского района

168

0,6

 
  Приложение 2
к постановлению акимата
Жаркаинского района
от 24 сентября 2020 года
№ А-9/266

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Жаркаинском районе на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

1

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Коммунсервис при отделе жилищно- коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции" Жаркаинского района

168

0,6


2021 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № А-9/266 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 8037 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық- атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, 2021 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Байегізоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі М.Балпан

 
  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ А-9/266 қаулысына
1- қосымша

2021 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Жарқайың ауданының "Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі жанындағы Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

168

0,6

 
  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ А-9/266 қаулысына
2 - қосымша

2021 жылға арналған Жарқайың ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Жарқайың ауданының "Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі жанындағы Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

168

0,6