Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық- атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, 2021 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Байегізоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | М.Балпан |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № А-9/266 қаулысына 1- қосымша |
2021 жылға арналған Жарқайың ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Жарқайың ауданының "Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі жанындағы Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 168 | 0,6 |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № А-9/266 қаулысына 2 - қосымша |
2021 жылға арналған Жарқайың ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Жарқайың ауданының "Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі жанындағы Коммунсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 168 | 0,6 |