О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 "Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц"

Решение маслихата Актюбинской области от 11 декабря 2020 года № 587. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 15 декабря 2020 года № 7805

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и статьей 17 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 "Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3328, опубликованное 11 марта 2010 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник") следующие изменения:

      заголовок решения изложить в следующей редакции:

      "Об оплате проезда ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, инвалидам I, II, III групп, инвалидам с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц";

      преамбулу решения изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 17 Закона Республики Казахстан от 6 мая 2020 года "О ветеранах", Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:";

      абзац первый пункта 1 решения изложить в следующей редакции:

      "1. Оплату проезда ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, инвалидам I, II, III групп, инвалидам с детства до 16 лет направляемых для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования в пределах Республики Казахстан и сопровождающих их лиц производить за счет средств бюджетов районов и города Актобе, один раз в год на железнодорожном транспорте (оба конца), но в размере не более стоимости билета купейного вагона.";

      в пункте 3 решения слова "Участники и инвалиды Великой Отечественной войны, лица, приравненные к ним" заменить словами "Ветераны Великой Отечественной войны, ветераны боевых действий на территории других государств, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
областного маслихата
А. Айтжанов
      Секретарь областного маслихата С. Калдыгулова

Облыстық мәслихаттың 2010 жылдың 11 ақпандағы № 281 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 587 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 7805 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына және Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылдың 11 ақпандағы № 281 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 тіркелген, 2010 жылдың 11 наурызында "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы";

      шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      шешімнің 1 тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, Ақтөбе қаласы және аудандардың бюджеттерінің қаражаты есебінен жүргізілсін.";

      шешімнің 3 тармағындағы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. Айтжанов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. Калдыгулова