Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 587 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, Ақтөбе қаласы және аудандардың бюджеттерінің қаражаты есебінен жүргізілсін.
Жұмыс берушінің кінәсінен болған еңбектегі мертігуден немесе кәсіби ауырудан мүгедектігі бар адамдардың, емделуге жол жүру өтемақысы берілмейді.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Ақтөбе қаласы және аудандардың "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (келісім бойынша), жол жүру төлемдерін мынадай құжаттардың негізінде жүргізу ұсынылсын:
1) арызы;
2) екінші деңгейдегі банктерде немесе "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде есепшотының бар болуы туралы құжат;
3) мүгедектігі бар баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) жолдама:
стационарға емдеуге жатқызуға;
республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;
5) 1 тармақта көрсетілген азаматтардың санатына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;
6) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;
7) 1 тармақта көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 19.06.2019 № 435 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2023 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және оларды ертіп жүрген адамдар емдеу орнынан келген күнінен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей 2-тармақта көрсетілген жол жүру дерегін растайтын құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 29.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келісім бойынша) осы шешімді орындау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрайымы |
Облыстықмәслихаттың хатшысы |
Д.ЕСПАЕВА | Б.ОРДАБАЕВ |