О внесении дополнений в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе"

Решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 9 апреля 2020 года № 371. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 10 апреля 2020 года № 7048. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 23 сентября 2020 года № 424

      Сноска. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 23.09.2020 № 424 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5114, опубликованное 4 ноября 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующие дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 дополнить подпунктом 11) следующего содержания:

      "11) чрезвычайное положение – временная мера, применяемая исключительно в интересах обеспечения безопасности граждан и защиты конституционного строя Республики Казахстан и предоставляющая собой особый правовой режим деятельности государственных органов, организаций, допускающий установление отдельных ограничений прав и свобод граждан, иностранцев и лиц без гражданства, а также прав юридических лиц и возлагающий на них дополнительные обязанности.".

      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:

      "12-1. Единовременная социальная помощь предоставляется при введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан в размере 20 000 (двадцати тысяч) тенге на одного человека без учета дохода и только по одной категории:

      1) инвалидам первой, второй и третьей группы, детям-инвалидам до шестнадцати лет, родителям, воспитывающим ребенка инвалида согласно спискам предоставленным уполномоченной организации;

      2) гражданам, страдающим онкологическими заболеваниями, инфицированным вирусом иммунодефицита человека и больным различной формой туберкулеза получающим амбулаторное лечение, согласно спискам государственного коммунального предприятия "Алгинская центральная районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области";

      3) одиноко проживающим престарелым гражданам обслуживаемым социальными работниками уполномоченного органа;

      4) малообеспеченным семьям, не получающим адресную социальную помощь, доходы которых на каждого члена семьи не превышают 1 (одно) кратного размера прожиточного минимума по Актюбинской области, согласно спискам предоставленным акимами городского и сельских округов, утвержденных специальной районной комиссии.

      Социальная помощь оказывается без предъявления документов.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Алгинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Алгинского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 апреля 2020 года.

      Председатель сессии Алгинского
районного маслихата
Г. Джармухамбетова
      Секретарь Алгинского
районного маслихата
Б. Жумабаев
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного учреждения
"Управления координации занятости и
социальных программ Актюбинской области"
Б. Елеусінова
      ________ __________________ 2020 г.

Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 371 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 7048 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 424 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 5114 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      2 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) төтенше жағдай – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара.".

      келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде әр адамға табыстарын есепке алмай және тек бір санат бойынша көрсетіледі:

      1) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;

      2) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған тізімдері негізінде;

      3) уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлерімен қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, арнайы аудандық комиссия бекіткен қалалық және ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдердің негізінде.

      Әлеуметтік көмек құжаттарды ұсынусыз көрсетіледі.".

      2. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрайымы
Г. Джармухамбетова
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жумабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Елеусінова
      ______ ____________ 2020 ж.