О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Нуринского сельского округа от 14 мая 2020 года № 7 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Нуринского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 22 сентября 2020 года № 13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 23 сентября 2020 года № 7455

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления исполняющего обязанности главного государственного ветеринарного-санитарного инспектора государственного учреждения "Иргизская районная территориальная инспекция комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 19 августа 2020 года № 2-18/279 аким Нуринского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия установленные на улицах Ыбырая Достаева, Толеумурата Кишкентаева, Абдибека Мамбетова села Нура Нуринского сельского округа Иргизского района, в связи проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллез среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Нуринского сельского округа Иргизского района от 14 мая 2020 года № 7 "Об установлении ограничительных мероприятий" (зарегистрированное в Pеестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7095, опубликованное 18 мая 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Нуринского сельского округа Иргизского района Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Нуринского сельского округа Ж. Төлебай

Шектеу іс-шараларын алу және Нұра ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 7455 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 2-18/279 ұсынысы негізінде, Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округінің Нұра ауылының Ыбырай Достаев, Төлеумұрат Кішкентаев, Әбдібек Мәмбетов көшелерінде мүйізді ірі қара малдарының арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7095 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауылдық округінің әкімі Ж. Төлебай