Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 22.09.2020 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 05 мамырдағы № 2-18/193 ұсынысы негізінде, Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі Нұра ауылының Ыбырай Достаев, Төлеумұрат Кішкентаев, Әбдібек Мәмбетов көшелерінде мүйізді ірі қара малдары арасынан бурцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауылдық округінің әкімі | Ж. Төлебай |