Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мугалжарском районе

Решение Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 14 октября 2020 года № 495. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 октября 2020 года № 7539

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 8 и 9 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Мугалжарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Мугалжарском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мугалжарском районе, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат Мугалжарского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мугалжарского районного маслихата
      А. Жукашев
      Cекретарь Мугалжарского районного маслихата
      Р. Мусенова

  Приложение 1 к решению
  Мугалжарского районного маслихата
  от 14 октября 2020 года № 495

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Мугалжарском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Для организации и проведения собраний, митингов, пикетирования:

Специализированное место

Материально-техническое оснащение

Норма их предельной наполняемости

1

площадь Центрального парка города Кандыагаш (улица Ахмет Жубанова)

- искусственное освещение;
- точка для подключения электроэнергии;
- оборудование, позволяющее обеспечить соблюдение санитарных норм и правил (урны для мусора);
- парковка;
- подъезды и выезды для специальной техники, пожарной техники, спасательных и медицинских служб.

не более 300 человек

      2. Для организации и проведения демонстраций, шествий:

Специализированное место

Материально-техническое оснащение

Норма их предельной наполняемости

1

от улицы Асанхан Калиева по улице Ахмет Жубанова до переулка Школьный

- протяженность маршрута составляет 600 метров;
- вдоль улицы имеется освещение;
- оборудование, позволяющее обеспечить соблюдение санитарных норм и правил (урны для мусора);
- парковка;
- подъезды и выезды для специальной техники, пожарной техники, спасательных и медицинских служб.

не более 300 человек

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний (далее - Порядок) разработан на основании Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний (далее - Закон).

      2. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний являются местами общего пользования и определены местным представительным органом Мугалжарского района для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний – проводятся публичные мероприятия, являющееся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний запрещается проведение собраний, митингов, демонстраций, шествий и пикетирования в нарушение действующего Закона.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном Законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания в специализированных местах не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Отношения нерегулируемые настоящим Порядком регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 2 к решению
  Мугалжарского районного маслихата
  от 14 октября 2020 года № 495

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Мугалжарском районе

      Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) границы прилегающих территорий к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта– 100 метров;

      3) границы прилегающих территорий к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения – 400 метров;

      4) границы прилегающих территорий к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности - 100 метров;

      5) границы на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территорий – 100 метров.

Мұғалжар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 495 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 7539 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Мұғалжар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы
      А. Жукашев
      Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы
      Р. Мусенова

  Мұғалжар аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 14 қазаны № 495
  шешіміне 1 қосымша

Мұғалжар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

      1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:


р/с

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

1

Қандыағаш қалалық Орталық саябақ алаңы (Ахмет Жұбанов көшесі)

- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық
(қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

300 адамнан артық емес

      2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:


р/с

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

1

Асанхан Қалиев көшесінен бастап Ахмет Жұбанов көшесінің бойымен Школьный тұйық көшесіне дейін

Маршруттың ұзақтығы 600 метрді құрайды.
- көше бойы жарықтандырылған;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық
(қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

300 адамнан артық емес

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Мұғалжар ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Осы Тәртіппен реттелмейген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Мұғалжар аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 14 қазандағы
  № 495 шешіміне 2 қосымша

Мұғалжар ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекаралары – 100 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекаралары – 400 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекаралары – 100 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекаралары – 100 метр.