Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Темирском районе

Решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 30 октября 2020 года № 531. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 6 ноября 2020 года № 7601

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 8 и 9 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Темирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Темирском районе, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Темирском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат Темирского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата Темирского района, после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Темирского
районного маслихата
Е. БАЛБОСЫНОВ
      Секретарь Темирского
районного маслихата
Б. Избасов

  Приложение 1 к решению маслихата Темирского района от 30 октября 2020 года № 531

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Темирском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Для организации и проведения собраний, митингов, пикетирования:

Специализированное место

Материально-техническое оснащение

Норма их предельной наполняемости

1.1

Площадь расположенная перед памятником воинам погибшим в Великой Отечественной войне, село Кенкияк, улица Қазақ мұнайына 100 жыл №39

- искусственное освещение;
- камера видеонаблюдения и видеофиксации;- точка для подключения электроэнергии;
- оборудование, позволяющее обеспечить соблюдение санитарных норм и правил (урны для мусора);- парковка;
- подъезды и выезды для специальной техники, пожарной техники, спасательных и медицинских служб.

не более 200 человек

1.2

Центральная площадь расположенная перед зданием спортивного зала Шубаркудыкской гимназии, село Шубаркудык, улица Ж.Кереева №4

- искусственное освещение;
- камера видеонаблюдения и видеофиксации;- точка для подключения электроэнергии;
- оборудование, позволяющее обеспечить соблюдение санитарных норм и правил (урны для мусора);- парковка;
- подъезды и выезды для специальной техники, пожарной техники, спасательных и медицинских служб.

не более 300 человек

      2. Для организации и проведения демонстраций, шествий:

Специализированное место

Материально-техническое оснащение

Норма их предельной наполняемости

2.1

От памятника воинам погибшим в Великой Отечественной войне, расположенного по улице Брусковая, вдоль улицы Желтоксан, до Центральной площади расположенной по улице Ж.Кереева, в поселке Шубаркудык, Шубаркудыкского сельского округа

протяженность маршрута составляет 250 метров;- вдоль улицы имеется уличное освещение;
- камера видеонаблюдения и видеофиксации;- оборудование, позволяющее обеспечить соблюдение санитарных норм и правил (урны для мусора);- парковка;
- подъезды и выезды для специальной техники, пожарной техники, спасательных и медицинских служб.

Не более 200 человек

Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Настоящий порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний (далее - Порядок) разработан на основании Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" и определяет порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний (далее - Закон).

      2. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний являются местами общего пользования и определены местным представительным органом Темирского района для проведения мирных собраний.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний – проводятся публичные мероприятия, являющееся по своему характеру мирными, ненасильственными и невооруженными, не создающими угрозу интересам государственной безопасности, общественного порядка, охраны здоровья, защиты нравственности населения, прав и свобод других лиц, проводимые в форме собрания, митинга и демонстрации, шествия и пикетирования гражданами Республики Казахстан.

      В специализированных местах для проведения мирных собраний запрещается проведение собраний, митингов, демонстраций, шествий и пикетирования в нарушение действующего Закона.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном Законами Республики Казахстан "О чрезвычайном положении", "О военном положении" и "О противодействии терроризму".

      Мирные собрания в специализированных местах не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени в день проведения мирных собраний.

      Отношения нерегулируемые настоящим Порядком регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 2 к решению Темирского районного маслихата от 30 октября 2020 года № 531

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Темирском районе

      Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) границы прилегающих территорий к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта – 100 метров;

      3) границы прилегающих территорий к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения – 400 метров;

      4) границы прилегающих территорий к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности - 100 метров;

      5) границы прилегающих территорий к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральным линиям связи – 100 метров.

Темір ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 531 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 7601 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Темір ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Темір аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Е. БАЛБОСЫНОВ
      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Избасов

  Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 531 шешіміне 1 қосымша

Темір ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

      1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:

№р/с

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

1.1

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің алдында орналасқан алаң Кеңқияқ ауылы, Қазақ мұнайына 100 жыл көшесі №39

- жасанды жарықтандыру;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық(қоқыс үшін жәшіктері);-тұрақ;- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

200 адамнан аспайтын

1.2

Шұбарқұдық гимназиясы спорт залы ғимаратының алдында орналасқан орталық алаң
Шұбарқұдық кенті, Ж.Кереев көшесі №4

- жасанды жарықтандыру;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық(қоқыс үшін жәшіктері);-тұрақ;- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

300 адамнан аспайтын

      2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

№ р/с

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

2.1

 Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Брусковая көшесі бойында орналасқан Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішінен, Желтоқсан көшесі бойымен, Ж.Кереев көшесі бойында орналасқан орталық алаңға дейін

Маршруттың ұзақтығы 250 метрді құрайды.- көшелер бойы жарықтандырылған;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық(қоқыс үшін жәшіктері);- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

200 адамнан аспайтын

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Темір ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шаралар өткізіледі.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 531 шешіміне 2 қосымша

Темір ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың мынадай шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 100 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 400 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 100 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасы – 100 метр.